11 Қараша, 2016

Неймар Бразилия құрамасындағы 50-ші голын салды (видео)

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_86143 Футболдан Бразилия құрамасы 2018 жылдың әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 3:0 есебінен Аргентина командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ойында Неймар бразилиялық құрама сапындағы 74-ші кездесуін өткізіп, 50-голын салды. Осылайша ол осы құрама сапында 50 және одан да көп доп салған бразилиялық шабуылдаушы Пеле, Роналдо, Ромариолармен теңесті.