10 Наурыз, 2011

Халық таңдауына ешкім қол сұқпайды

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президенттіктен үміткерлерді тіркеу бастал­ған­да, біздің ҚКХП да өзінің белсенді бір мүшесін  саясат додасына қосуды дұ­рыс деп тапты. Үміткеріміз Ақмола об­лысының Қорғалжын ауданындағы Жантеке атты шал­ғай елді мекенде он бір бала туып, тәр­бие­­леп өсірген ар­дақ­ты ата-ананың ша­ңырағында дү­ние­ге келіпті. Демек, бірлік пен тірліктің, қиындық пен жеңістің не екенін кітаптан емес, өмірдің өзі арқылы біліп өскен азамат деп сенеміз оған. Шынында, он екі жасында қара жұ­мыс­­қа жегіліп, он бес жасында трактор тізгінін ұстау қай жас­өспірімге де оңай емес. Бірақ оның жас­тық жігері қиындық­тан мұқалмапты. Жи­ыр­ма төрт жа­сын­да Қызылсай ауыл­дық округінде депутат болған ол өзінің ел үшін туған ер екенін түрлі лауазымды қызметтерге қол жеткізу арқылы одан ары дәлелдей түскен. Сөй­тіп, ақ-қараны айыра білетін әділ, қарапайым халық жағында жү­ретін қайырымды азамат ретінде ауыл, аудан және облыс жан­ашы­рына айналған. Ал сыбайлас жем­қорлық пен пайда­күнемдік пиғылына қарсы тұру ниеті оны ҚКХП мүшелігіне алып келген. ҚКХП Жамбыл облыстық ко­ми­тетінің 6 мыңға жуық мү­шесі бар болса, соның барлығы өз үміт­керін қолдайтыны белгілі. Басқа сайлаушылардан да үміт­тіміз. Ол үшін біз бүгінде сай­лау­алды штаб құрып, үміткерімізді қолдауға байланысты үгіт-на­сихат жұмыстарының жоспарын жасадық. Жоспар бойынша, сай­лау­шыларды «қалалықтар» және «далалықтар» деп бөлмей, үгіт-на­сихат жұмыстарын ел тұр­ғын­дары арасында бірдей жүргізуге мән бермекпіз. Ал президенттіктен үміткер­лер арасынан кімді таңдап, кімге дауыс береді, ол – халық қалау­ын­да. Оған ешкім қол сұға ал­май­ды. Әбдірахман МАМАШЕВ, ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Тараз.