Ел президенттігінен үміткерлер қатарында Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан Жамбыл Ахметбековтің тіркелуі бізді жаңа істерге құлшындырып отыр. Біздің өңірде партияның 4,5 мың мүшесі бар. Біз президенттікке кандидаттарды қолдаушылардың қолдарын жинауда жинақылық таныттық, бұл істе партия мүшелеріне комсомолдар көп қолғабыс жасады. ҚКХП-дан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің облыстық штабы құрылып, сайлауалды жұмыстарының жоспары жасалды. Штабты өзім басқарамын, 6 адам жұмыс істейді. Кандидаттың сенім білдірілген өкілдері анықталып, қандай жұмыстар атқаратындары таныстырылды. Бүгінде біздің кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қажетті материалдар толық қолымызда. Бұл материалдарды сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында тиімді және ықпалды пайдалана бастадық. Сондай-ақ, осындай пәрменді жұмыстарды халықтың қалың ортасында жүргізу үшін «ГАЗЕЛЬ» шағын автобусын үгіт пойызы етіп жарақтандырдық.
Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасы халықтың көкейіндегі мәселелерді қозғайды. Сайлауалды күреске түскен біздің партия арадағы бес жылда халық үшін тауар импортын 25-30% кемітуге, энергетика, мұнай, тау-кен байыту, темір жол, әуе көлігі салаларын мемлекеттік меншікке қайтаруға, мақтаны, теріні, тері өнімдерін, ағашты сыртқа шығаруды тоқтатып, түсті және қара металды сыртқа шығаруға квота енгізуге, халықтың әл-ауқатының артуына және экономикалық әлеуеттің өсуіне әсерін тигізетін шикізаттық және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімді жолын табуға, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға және басқа бағыттарда жұмыстанатын болады.
Шынайы халық билігін құрудағы саяси күштердің рөлі биіктеуі тиіс.
Ал жалпы, біздің партияның өңірдегі беделі жоғары. Жергілікті билік облыстық комитеттің ұсыныстарына құлақ асып, қозғалған мәселелерді шешіп жүр. Мысалы, «Оңтүстік Батыс» ауданындағы Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев атындағы көшеге батырдың ескерткіш тақтасын орнатуға, қатты жамылғы төсеуге біз мұрындық болдық. Сондай-ақ, партияның танымдылығын жақсарту үшін халықты толғантқан мәселелер бойынша түрлі акциялар өткіздік.
Ақтөбеліктердің саяси белсенділігі жоғары екенін білемін. Бұл жолы да халықтың президенттік сайлауға түгелдей келіп, дұрыс таңдау жасайтынына сенемін. Қазіргі кезде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының «қызуы» көтеріле түсті. Бұл бағытта біз де өз кандидатурамыздың бәйгеден озып келуінің қолдан келер мүмкіндігін жасап жатырмыз.
Жанат МОЛДАШЕВ, ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы, облыстық штаб бастығы.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02