11 Қараша, 2016

Елордада қар күреу жұмыстары күшейтілді

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашын болмайды. Алайда осы күндері қардың көп жаууына байланысты қалалық коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Елорданың барлық аудандарында көшелерді, гүлбақтар мен жаяу жүргінші жолдарын тазалау жұмыстары жүргізілуде. «Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, қар жинауға және басқа жұмыстарға 266 техника, санитарлық тазарту жұмыстарына 368 жұмыскер жұмылдырылды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, сенбі күні Астанада күн жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соққан жел шығысқа ауысады, 5-7 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз -5...-6°С. Жексенбіде күн құбылмалы болып, оқтын-оқтын қар жауады. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз -4...-8°С.