11 Қараша, 2016

"ҚазАгро" агроөнеркәсіпке 2 трлн. теңге бағыттады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10 жыл ішінде «ҚазАгро» холдингі елдің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бағыттады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Салауат Шериазданов мәлім етті. «Егер алғашқы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға біз 116 млрд. теңге бағыттаған болсақ, соңғы жылдары бұл сома шамамен 300 млрд теңгені құрады. Оның 16%-ы мемлекеттік қорландыру қаражаты, яғни бюджеттік қаражаттың әрбір теңгесіне Холдинг капитал нарығынан 5,4 теңге тартады», – дейді Басқарма төрағасының орынбасары. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы «ҚазАгро» холдингінің 10-жылдығымен сәйкес келіп отырғанын жеткізген ол осы уақыт ішінде Холдинг компанияларының тобы жалпы аграрлық сектордың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. «Осы 10 жыл ішінде компания тобының активтері 6,3 есеге өсті, меншікті капитал 3,3 есеге, ал кіріс – 2,2 есеге ұлғайды. Несие қоржынының көлемі 7 есеге өсіп, шамамен 600 млрд теңгені құрады. Бұл саланы несиелеудің жалпы көлемінің 43%-ын құрайды. Холдингтің несие қоржынында шамамен 50 мың қарыз алушы бар. Яғни, бүгінгі таңда Холдинг – агроөнеркәсіптік кешендегі ең ірі кредитор болып саналады», – дейді Салауат Шериазданов Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".