«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнім: Кеден одағының кеден заңнамасына (Кеден одағы комиссиясының шешімдері не Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдері) сәйкес белгіленген кедендік құжаттарды толтырудың форматтық-логикалық бақылауды қамтуға; кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылатын электрондық анықтамалардан және жіктеуіштерден жаңартылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қамтуға; Кеден одағының кеден заңнамасына (Кеден одағы комиссиясының шешімдері не Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдері) сәйкес белгіленген кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматын қамтуға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес болуға тиіс.Париж - 2024: Ескек есушілер жартылай финалға шыға алмады
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Сенаторлар тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесін талқылады
Руханият • Бүгін, 13:19
Несиесі 90 күннен асып кеткендер қалай табыс табады
Қоғам • Бүгін, 12:43
Биыл алғашқы қоңырау қашан соғылады
Білім • Бүгін, 12:10
Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді
Білім • Бүгін, 11:50
Жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
Білім • Бүгін, 11:42