14 Қараша, 2016

Нақты шаралар қолға алынуы тиіс – Сағынтаев

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қауіпсіздік бойынша құр ескерту жасай бермей, нақты шараларды қолға алу қажеттігін айтты. «Вакцина туралы айтып жатырсыздар. Көп проблема содан шығып отыр ғой. Негізінен, оны xалықаралық талаптарға сай келтіру керек», деді Үкімет басшысы. Осы орайда Премьер-Министр көрші елдердің Қазақстанның етіне қатысты ветеринарлық тексерісті күшейтіп жатқанын тағы бір мәрте еске салып, келесі жылы да келеңсіз жағдайлар қайталанбауы қажеттігін тапсырды. Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов сібір жарасына қарсы вакцинаға сынақ жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдарына тиісті материалдардың жіберілгенін айтып, жалпы келесі жылдан бастап талаптардың күшейтілетінін ескерткен болатын. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан.