Оқиға • 10 Қазан, 2024

«Алпамыс батыр» жыры халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты биылғы жылдың 17-18 қазанында «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

«Алпамыс батыр» жыры халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

Фото: К.Баранов

Конференция барысында «Алпамыс батыр» жырының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымы таныстырылады. Сонымен қатар Түркі халықтарына ортақ мұра ретінде осы жырды ЮНЕСКО көлемінде Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу жөніндегі мәселе талқыланады.

Шараға Түркия, Әзірбайжан, Ресей (Уфа, Қазан, Новосибирск), Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және Қазақстанның танымал эпостанушы ғалымдары қатысып, төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасайды:

  • «Алпамыс батыр» жырының ұлттық және әлемдік кеңістіктегі тарихи-мәдени және ғылыми маңызы;
  • Эпикалық туындылардағы әлемнің семиотикалық және тілдік бейнесі; Эпикалық дәстүр және жыршылық өнер: өткені мен бүгіні;
  • «Алпамыс батыр» жырын зерттеудің пәнаралық түрлі аспектілері; «Алпамыс батыр» жырының түркілік нұсқаларының ерекшеліктері;
  • Фольклорлық мұра және қазіргі заман.

Конференцияға қатысуға еліміздің және шетел ғалымдары, эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, өнертанушылар, философтар, мәдениеттанушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылады.

Конференция Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 40 Достық үйінде өтеді.

Басталуы: сағат 10:00

Ұйымдастыру комитетімен  : +7 7759890212 телефонымен хабарласуға болады