14 Қараша, 2016

Дархан Қыдырәлі – Низами институтының Құрметті докторы

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Низами атындағы Тіл және әдебиет институтының Құрметті докторы атанды.

Дархан Қыдырәлі – Низами институтының Құрметті докторы

dake Салтанатты рәсім бүгін Бакуде өткен І Түркология конгресінің 90 жылдығына арналған жиында болды. Құрметті доктор дипломын тапсырған Низами институтының директоры Иса Габиббейлі қазақ ғалымына түркі дүниесіндегі рухани байланыстарды дамыту жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі. Осы жылдың сәуір айында бұл атақ қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке берілген болатын.