11 Наурыз, 2011

18 300 000 000

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен жылы өңірге индустрияландыру бағдарламасы бойынша осыншама теңге бөлініпті Жетісу жерінде өткен жылы 10 іргелі  жоба жүзеге асты. Және мыңға жуық адам жұмысқа тар­ты­лып, әлеуметтік жағдайларын көтерді. Қазіргі кезде 2011-2014 жыл­дар­ды қамтитын жобалардың тия­нағын келтіру көзделіп, 28 жобаға жалпы құны 1 триллион 590 млрд. теңге қажеттігі анық­та­лып отырса, оның 13-і рес­пуб­ликалық индустрияландыру, 15-і аумақтық картаға енгізілген. Бағ­дарлама толық шешімін тап­қан­да, өңірде 17 мың жұмыс орны ашылатын болады. Ал жалпы өт­кен жылы аталған бағдарлама бой­ынша өңірге  18,3 млрд. теңге бө­лінсе, оның  тиімділігі мен пай­дасына нақты көз жеткізіліп отыр. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.