11 Наурыз, 2011

7 489 000 000

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Былтыр осыншама  қаржыға тең тәртіп бұзушылықтар тіркелген Облыстық қаржы бақылау инс­пекциясы былтыр түрлі меншіктегі 347 нысанның есеп-қисап жұмыстарын тексеріп, 7489 миллион теңгенің түрлі тәртіп бұзу­шы­лықтарын анықтады. Бұл көр­сеткіш алдыңғы жылға қараған­да айтарлықтай азайғанымен, мақ­сатсыз жұмсалған қаражат­тың орнын толтыру жайы көңіл көншіте бермейді. Бюджетке қай­тарылғаны – бар-жоғы 168,6 миллион теңге. Орын алған кемшіліктерді жою мақсатымен 370 ескерту жіберілсе, олардан орын-далғаны – 347 ғана. Әкімшілік шара қолдану ту­ра­лы 54 қаулы шығарылып, 4 мил­лион 344 мың теңге өндіріл­ген. Құқық қорғау орындарына 510 миллион теңгенің тәртіп бұ­зу­шылығы жайлы 53 хаттама тап­сырылған. 19 қылмыстық іс қозғалып, 6 лауазымды тұлға сот­талған. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану жөнінде сот орган­да­рына 14 талап-арыз түсірсе, қанағаттандырылғаны – 9. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.