11 Наурыз, 2011

1 000 000 000

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстағы ірі өнеркәсіп орны –  «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ үстіміздегі жылы өндірісті дамытуға осыншама теңге қаржы жұмсамақшы Зауытта бірінші кезекте өнім­нің өзіндік құнына ықпал ететін  қуат үнемдеу технологиясын игеруге басымдық берілуде. Кәсіп­орында өндірілетін өнім сапасы жақсарды. Мұнда өндірілетін өнім­­нің 95 пайызы алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Қа­зақ­стан, Ресей және Белоруссия арасында Кедендік одақ құрыл­ғаннан кейін зауытқа сырттан әкелінетін шикізаттың жеткізілу мерзімі анағұрлым қысқарды. Бұл зауыттың ыр­ғақты жұмыс істеуіне алғышарт жасап отыр. Ал  өндірісті дамытуға қарал­ған жоғарыдағы қаржыға жаңа нысандар салу,  шлам тоған­да­рын жөндеу және қайта жарақ­тан­дыру, сөйтіп, қоршаған ор­таны қорғау мен қауіпсіздік тех­никасын жақсарту, жұмысшылар­дың денсаулығын сауықтыру көз­делуде. Кәсіпорын жаңа  жыл­дың басынан жұмыс қарқынын арттыра түсті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.