Еліміздің талай белді азаматтарын қарсы алған мәжілісхана бірден іскерлік сипат алды. Үміткер өз бағдарламасын бастамас бұрын экология және география факультетінің 3-курс студенті Досбол Сағындықов: «Президенттікке кандидат болып ұсынылған әріптестеріңізден қандай қасиеттеріңізбен ерекшеленесіз?» деген сұрақ қойды. Бүгінгі жастардың ой иірімдерінің тереңдігі мен белсенділігіне риза болған Мэлс Хамзаұлы әңгімесін ширата төгілтті.
– Әр үміткердің өз бағыты болғанымен, тәуелсіз Отанымызға адалдық, болашағымызға немқұрайды қарамау қасиеттері баршамызды біріктіреді, – деген ол мінбердегі бір сағаттан астам сөзін осы сұрақ төңірегінен өрбітті. Мен ресми түрде екінші рет үміткер болып отырмын. Күш-қуатым болса әлі де ниетімнен таймаймын. Мәселе өзгелердің артық-кемдігінде емес, елімізді еңселендіру бағытындағы кемел ойлы азаматтардың көбейе түскендігінде. Сондықтан, кандидаттардың баршасына құрметпен қараймын. Менің алға қойған мақсаттарым 2005 жылғы бағдарламамда да көрініс тапқан. Одан ауытқымаймын әрі үнемі жетілдірумен келемін.
– Сізді еліміз үлкен эколог ретінде таниды. Әйткенмен, мемлекеттің болашақ басшысы жан-жақты болуы керек емес пе? – деген сұрақты 4 курс студенті Сергей Тарануха қойды.
– Қазіргі және болашақтағы саясаттың ең ірісі – экология. Осынау толғақты мәселелерді көтеріп жүргенімді жан-жақтылыққа балаймын, – деді кездесу қонағы. – Табиғаттың тепе-теңдігі бұзылуы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Біз 200 жылдан бері, яғни өркениеттер қақтығысынан бері ауамызды ластап, оны жағумен келеміз. Жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі ойланбай қадам жасаудан. Мұздақтарымыздың 40 пайызынан айырылдық. Ауыз судың, азық-түліктің тапшылығы осыдан. Табиғатқа жанашырлық, оның байлығына үнемшілдікпен қарау кезек күттірмейтін міндет. Семей, Арал апаттарын көрген халқымыз Балқаштың, Каспийдің мүшкіл халін көруге жол бермейді деп үміттенемін. Біз «Семей-Невада» қозғалысын қолдаушылардың алғашқы легінде болдық. Балқашта АЭС салынуына тосқауыл қойдық. Мені өскелең еліміздің экономикасы, әлеуметтік деңгейі, ішкі-сыртқы саясаты мен беделі бұдан кем толғандырмайды. Мен президент болмағанның өзінде, алға қойған жоспар-жобаларымның жүзеге асуы үшін талмай күресетін боламын.
Ардагер ұстаз Тыныштық Ахметованың, оқытушы Кәрима Қанитаеваның, журналист Бақыт Смағұловтың тіл, ұлттық рух, мемлекетті басқару тетіктері туралы сұрақтарына да салиқалы жауаптар қайтарылды.
– Толғаныстағы халық қана төрге озады, – деді М. Елеусізов. – Бізде белсенділік төмен, жасқаншақтық бар. Әлі күнге сайлаушыларымыздың 20 пайызы ғана дауыс беруге келіп жүргені осыны айтқызады. Өзіміздің конституциялық құқымызды пайдалану арқылы азаматтық міндетімізді орындаймыз, әділдікті орнатып үйренеміз. Мен алдағы күндері «Жасылдар» партиясын құрмақпын, кәнеки, осыны кім қолдайды?
Зал түгел қол көтерді.
Әсерлі кездесуді университет проректоры Аманай Сейітқасымов алғыс сөздерімен қорытындылады.
Бақберген АМАЛБЕК, Көкшетау.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02