– Партия атынан ұсынылған үміткеріміздің танымалдылығын арттыру және сайлауалды бағдарламасын солтүстікқазақстандықтарға жеткізу мақсатымен құрылған штабтың құрамына белсенді адамдар тартылып отыр. Мәселен, Нүрикан Шаукенова штаб жұмысын үйлестіріп отырса, Ақбөпе Бәйтенова идеологиялық-ақпараттық жағын қамтамасыз етеді. Уақыт өткен сайын пікірлестеріміз молая түсуде. Сенім білдірілген адамдар мен үгітші-насихатшылар іріктеліп, мекеме-кәсіпорындарды тынбай аралап жүр. Белгіленген жерлерге кандидаттың суреттері мен тұғырнамасы жазылған плакаттар ілініп, жергілікті БАҚ-тардың да мүмкіндігін пайдаланудамыз.
Кеше штабта ЕҚЫҰ және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізіп, сайлау жайлы пікірлер алыстық. Олар да сайлаудың әділ де ашық өтеріне сенімді.
– Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасы ауқымды көрінеді. Оны облыс жұртшылығына таныстырып үлгересіздер ме?
– Ол партия атынан түсіп отырғандықтан, саяси ұйымның ұстанымын айқындары анық. Ал ҚКХП-ның көзқарасы айқын. Президенттік сайлау кезінде партия тұғырнамасының негізгі де басты қағидаттарын жұртшылыққа ұсынамыз. Баса айтатынымыз, әлеуметтік-экономикалық бағыттарға үлкен басымдық беріледі. Бұл орайда, бастауыш партия ұйымдары да басты тірегімізге айналады. Сөз арасында, президенттікке кандидаттың солтүстік аймақтарды аралап, Қызылжар өңірінде де кездесулер ұйымдастыратынын айта кеткен жөн. Мұның өзі сайлау додасын қыздырып, сайлауалды шараға үлкен екпін берері сөзсіз.
– Атбасын аудандарға да бұратын шығарсыздар?
– Әрине, елді мекен тұрғындарымен кездесіп, олардың жағдайларын тереңірек білу, проблемаларын зерделеу – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Айтылған ой-пікірлерді жинақтап, Үкіметке ұсынатын боламыз. «Үгіт-насихат пойызы» шарасы аясында арнайы көлік жабдықталып, ауылдарды аралауға аттанып кетті. Оның құрамындағы үгітшілеріміз бен белсенді топтарымыз халықшыл-коммунистің бағдарламасымен таныстырып, үнпарақтар, суреттер, плакаттар таратумен айналысады. Басқа да міндеттерді жүзеге асыру қарастырылған.
Әңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ. Петропавл.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02