18 Қараша, 2016

Жеке шаруашылықты жетістікке жеткізудің жолы

541 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
7-betОған «Көгеріс» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі үлгі бола алады Газет тілшісі болып қызмет атқарып жүрген соң осы бір мәселе мен тақырыпты көтеріп жазсам ба екен деген әртүрлі ойлардың келетіні де рас. Осы ойды әріптесім Сейфолла Шайынғазының газетіміздің биылғы 11 қараша күнгі нөмірінде жарияланған «Жеке шаруашылық жетістікке жетсін десек...» атты сараптамалық материалы дөп басқанын айтқым келеді. Мұнда автор шалғайдағы ауыл тұрғындары қолдарындағы азын- аулақ малдары мен оның өнімдерін өткізуде үлкен қиындықтарға тап болатынын қынжыла жазыпты. Әрі осы мәселенің шешімі мен тиімді жолдарын іздестіруге ұмтылыпты. Ең бас­тысы, өндіріс орындары жоқ еліміздің шалғай ауылдарында күнделікті тіршілігін қолындағы азын-аулақ малымен айырып отырған ағайындардың бүгінгі жай-күйіне алаңдаушылық білдіріпті. Осы тұрғыда не істеу керек деген сауал қойыпты. Бәсе, не істеу керек? Осы ара­да әріптесім қойған сауалға қа­­­тысты жауап іздер болсақ, мұн­дай жағдайда не істеу керектігін біл­ген шалғай ауыл тұрғындары да бар екенін айтқан жөн. Баяғы ке­ңестік кезеңдегі совхоздар мен кол­хоздар жүйесінде бұлардың бө­лімшілері мен фермалары да бо­лушы еді ғой. Сірә, өркениеттен алыс жатқан деп бүгінде осы құрылымдардың ізінде тұрып жат­қан ағайындарымызды ата­сақ, қателеспейтін шығармыз. Әйт­се де олар бүгінгі заман тала­бына сай икемделе білгеніне Сырым ауданындағы Бұлдырты ауыл­дық округіне қарасты «Кө­геріс» ауылшаруашылық өнді­ріс­тік кооперативі мысалында әң­гіме өрбітуге болады. Бұл жоғарыда айтылғандай, бұ­рынғы Бұлдырты совхозы­ның бір бөлімшесі екен. Шағын ауыл­­­да елу алты түтін бар болып шықты. Яғни, бұл мұнда сон­­­шама отбасы тұрады деген сөз. Оның әрқайсысы азды-көп­ті мал ұстайтыны айтпаса да бел­гілі емес пе? Әріптесіміз мә­­­се­лені орынды жазғандай, өз­де­рі өсірген мал мен оның өнім­­­де­рін қайда өткізерін біл­ме­ген әрі жұмыртқадан жүн қыр­қып, әле­кедей жалаңдаған ком­мер­сант­­тарға жем бола берген ауыл тұ­р­ғындары өзара бірігіп коопера­тив құруды ұйғарыпты. Оған өздерінің орталарынан еті тірі, шаруаның ыңғайы мен жөн-жо­сығын жақсы білетін бір адамды төраға етіп сайлапты. Ендігі жер­де сауалды не істеу керек деп емес, кішкентай ауылда құрылған ко­оперативтің ерекшелігі неде, бұл ауыл тұрғындары үшін нен­дей­ тиімділік әкеле алады деп қой­­ғанымыз жөн шығар. Сұ­рақ өз иесіне солай қойылды да. Бұл сауалға қайтарылған жа­уап­­­­тың түп-төркінін «Көгеріс» ауыл­­­ша­руашылық өндірістік ко­опе­ративінің төрағасы Боран­бай Сарбөпеев төмендегіше түй­ін­деп берді. Облыс орталығынан шалғай жат­қан ауыл тұрғындарының не­­гізгі күнкөріс көзі мал ғой. Әй­тсе де жерлестеріміз бұдан ай­та қа­ларлықтай пайда тауып жарыт­пай­тынын көзіміз көріп жүр­ді. Өзім де солардың бірі емес­пін бе? Сөйтіп жүргенде бір күні республикамызда қа­был­­данған «Ауылдық тұтыну ко­оперативтері туралы» заң қо­лыма түсе қалғаны. Мұнда көр­сетілген талаптар ойымнан шыққан соң кооперативке бірік­сек қайтеді деген ішкі ойым мен ұсыныс-пікірімді ауылдастар­ы­ма жеткіздім. Олардың де­ні­ не­гізі­нен мені қолдады. Сөй­тіп ара­да көп уақыт өтпей осы ойы­м­ызды іске асырып Әділет де­партаментінде заңды тұлға, заң­ды түрдегі кооператив ре­тін­де тіркеуден өттік. Жеке ау­ла­лардағы мал басын біріктіріп, оны асылдандыру мә­селесін ой­ластыра бастадық. Бұл үшін атал­ған заң аясында мемлекеттен берілетін өтемақы біз үшін үлкен көмек болды. Ал 2015 жылдың 29 қазаны күні республикамызда «Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері туралы» заң шыққаннан кейін мұның алдындағы тұтыну коопе­ра­тив­тері туралы заң күшін жойып, соңғы заңға орын берді. Кооператив төрағасының әңгі­месінен тағы бір көңілге түй­геніміз, олар бірінші кезекте заң­да көрсетілген мүмкіндіктерді пай­даланып, рыноктық баға бо­йын­ша әрқайсысы 354 мың тең­геден он бас асыл тұқымды ата­лық мал – бұқа сатып алып­ты. Осы қаражаттың елу пайыз­дық мөлшері мемлекеттің де­меу­­қар­жысы есебінен кейін қай­та­рылып берілген. Сонымен бір­­ге, се­лекциялық-асылдандыру жұ­­мыстарын жүргізу бары­сында ірі қараның әр бас ана­лық малына 18 мың теңге та­ғы да төленген. Бүгінгі күні «Кө­ге­ріс» ауылшаруашылық өнді­рістік кооперативіне 300 бас сиыр біріктірілген. Оның әрқай­сы­­сына төленетін 18 мың теңге көлеміндегі сома тұрғындар ие­­лігіндегі аналық ірі қараның тұр­қы мен генетикалық қорын жақ­сарту және оны біртіндеп асыл тұқымға айналдыру үшін бөлін­ген. Сонда кооперативтің мемлекет­тен алған көмек қар­жы­сының жалпы мөлшері 5 миллион 400 мың теңге құрағанын есептеп шығару қиынға соқпайды. Асыл тұқымды мал өсі­ру­дің тиімділігін, ол жай мал­ға қа­ра­ғанда үш-төрт есе өнімді еке­нін Елбасымыз да үнемі айтып келеді. Осы тұр­ғыда «Көгеріс» ауылы­н­дағы қа­ра­пайым тұрғындардың бастама­сы еліміздің әр қиырынан қолдау та­уып жатса, бұдан тек ұтар еді демекпіз. Бұған дейінгі ма­те­риалымыздың бірінде ауыл тұр­ғындарының малдары жиі ұр­ланып, қолды болатындығы жө­нін­де жазған едік. Кооператив мү­ше­лері бұл мәселеге де алаң­да­майды. Өйткені олар ортақ қа­ражаттың есебінен бақташы ұс­тай­ды. Малдың жем-шөбі мен суы жөніндегі жәйттерді де жөн­ге қоя алады. Сырым ауданында құ­ры­лған өндірістік кооператив мү­­шелері келесі кезекте лизин­г­ке жаңа техникалар алуды ұйғарған. Сонымен бірге, олар өз ауылдарының мәде­ни-тұр­мыстық деңгейін одан әрі кө­­те­ру мәселесіне де белсенді түр­­­де араласып жүргені сүйсін­дір­­мей қоймайды. Соның бір айқын айғағы бюджеттен бір тиын қаражат алмай, өз күш-қара­жаттары мен асарлату арқы­лы сыңғырлаған жаңа клуб ғимаратын салып алғаны. Коопе­­ра­тив мүше­ле­рімен кездесу бары­сында біз олар­дың бұл іс­тің тиімділігіне, оның әр отбасы үшін материалдық тұрғыдан өте пайдалы екеніне көз жеткізіп үлгер­гендеріне куә болдық. Енді алдағы уақытта олар он-он бес бастан тұратын шағын мал бор­дақылау алаңдарын салуды ойлас­тырып отыр екен. Осы материалды әзірлеу ба­­­ры­сында ұққанымыз мал өнім­де­рін өндіру мен өңдеу және оны өткізу ісінде де кооператив мү­ше­лері қиындық көрмейді десе болады. Бұл мәселе облыс орта­лығындағы ет және сүт өнім­­де­рін өндіретін «Жайық ет», «Бе­реке» және «Каверин» секілді ірі өңдеуші ауылшаруашылық құ­ры­лымдарымен бірлескен іс-қимыл таныту, бұл үшін екі жақ­­ты өзара тиімді келісімшарт­тар жасау арқылы шешімін тап­пақ. Ал ауылшаруашылық ко­опе­ративінен түскен пайда оның мүшелерінің ортақ іске қа­тысу үлесіне қарай бөлінбек. Тиіс­ті міндетті орындаған жағ­дайда кооператив мүшелері қар­жының белгілі бір бөлігін өз қалауларына қарай жұмсай алады екен. Дәл осы тұста жалқыдан жал­­пы­­ға көшудің де реті келіп тұр­ғандай. Осы орайда «Ауыл ша­руа­шылығы өндірістік коопе­ра­­тивтері туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңы биылғы 2016 жыл­дың 1 қаңтарында күшіне енгенін айтқан жөн. Ендеше тұ­та­стай алғанда, бұл тұрғыда Орал өңірінде нақты нендей іс-ша­ра­лар кешені қолға алынған деген сауал туады. Біз оны Батыс Қа­зақстан облысының ауыл ша­руа­­­шылығы басқармасының бас­шысы Марат Оңғарбековке қой­ған едік. Ол бізге өңірде бүгін­гі материалымыздың басты желі­сін құраған Сырым ауданындағы «Көгеріс» ауылшаруашылық өнді­ріс­тік кооперативі үлгісіндегі 114 кооператив құрылғанын айтып берді. Бұлардың аяқтарынан тік тұрып кетуі үшін бюджет қаражаты есебінен 244 миллион теңге көлемінде демеуқаржы тө­лен­ген. Бұл аз ба, көп пе? Ауылдағы қа­­ра­­пайым тұрғындарды қол­дау­ға бағытталған осынау қара­жат мөлшері алғашқы қар­лы­ғаш-қадам үшін қанағат тұтуға әбден болады деген ойдамыз. Осындайда ойдан ой туады. Әрі бұл ой елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін кім­дер өндіреді деген сауалдар төңі­ре­гінен туындайды. Осы орай­да Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің ресми сайтында жинақталған деректерге көз сал­сақ, аталған істе шаруа қожа­лық­тары мен ірі агрофирмалар жалпы ауылшаруашылық өнім­­дерінің 30 пайызға жуы­ғын өндіретінін көреміз. Мұнда ауыл­­шаруашылық кәсіп­орын­дар­ы­ның үлесі 20 пайызға тең. Ал қалған 50 пайыздан астам үлес ел ішіндегі жеке аулалар мен шаруашылықтардың үлесіне тие­ді екен. Талас жоқ, бұл өте ауқымды үлес. Үлкен мүмкіндік. Мұндай жағ­дайда ауылшаруашылық коопе­ративінің келешегі зор бол­­мақ. Ендеше, тиісті заңға сәй­кес кооператив құрған ауыл тұрғындарына бөлінетін де­меу­қаржының мөлшері де уақыт өт­­кен сайын арта түсетініне кү­мән кел­тіруге болмайды. Бүгінгі мақ­сат мемлекет тарапы­нан жаса­лып отырған осы мүмкіндік пен қам­қорлықты қарапайым ауыл тұр­ғындарының қалт жі­бер­мей пайдалана білуін­де. Бұл екіншіден, ел-жұрттың ауыз­бір­шілігін қам­тамасыз ету­дің таптырмас жолы да. Яғни, асыл тұқымды мал ұстау үшін рес­ми мәртебе алу – мемлекеттік қол­дауға ие болу деген ұғым болып шығады. Сондай-ақ, мемлекеттік өн­ді­­­­рістік кооперативтерге­ ауыл­ша­­руашылық техни­ка­­ла­рын алуға, модульды сүт қа­был­дау қосындарын құ­ру­ға да қар­жы­лай қолдау көр­се­теді. Тіпті, ко­опе­ративтің м­ү­ше­лері өзге мем­лекеттік бағ­дар­ла­ма­лар шең­берінде несие­лер алып, оны са­ла­лық клас­тер құ­руға жұмсай ала­ды. Коопе­ра­тивтердің құрылуы – бірігудің тиім­ді тәсілі. Осы ар­қылы ауыл­шаруашылық өнімі кө­лемін өсі­ріп қана қоймай, оның са­пасын кө­теруге де болады, деді газет тіл­шісіне есімі Орал өңіріне та­­нымал ғалым, Жәңгір хан атын­да­ғы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің де­каны, ауыл­шаруашылық ғы­лым­дарының док­торы Едіге Насамбаев. Жаңа заң­да ауылшаруашылық коопе­ра­­тивінің бірнеше түрін құру қарас­ты­ры­л­ған. Бұл оның өндірістік, жаб­дықтау және өңдеу секілді түр­лері болып табылады. Өз атауы­нан көрініп тұрғандай, оның әрқай­сысының атқаратын өз функ­циялары бар. Мамандар мен сарап­та­ма­шы­лардың пікірінше, ауыл­ша­руа­шылық кооперативі өнді­ріс­ті басқарудың мүлдем тың, то­сын тәсілі. Оның мүшесі бо­­луға ниет білдірген ауыл тұр­ғыны пайлық жарна ретінде ма­лын, сонымен бірге жылжи­тын және жылжымайтын мүлік­те­рін белгілі бір мерзімге коопе­ративтің еншісіне ауыстырады. Бұл жөнінде арнайы акт жаса­лады. Солай бола тұрса да кооператив мүшелері сонымен бір мезгілде өзінің заңдық және экономикалық дербестігін сақтап қалады. Яғни, жер мен ауылшаруашылық техникасының иесі болып қала береді. Шаруашылықты жүргізудің коопе­ративтік үлесіне тән ерек­­­­­­шеліктің бірі –өнім мен жаб­­­­­дықтаудың тұрақтылығы. Тасы­­малға жұмсалатын жалпы шы­­ғ­ын­дардың үнемді болуы. Өнім­­ділігі жоғары құрал-жаб­дық­тар салып алынуы, коопе­ративтің әрбір мүшесінің құ­қығы толық сақталуы. Ұсақ-түйек­­тік, тауарларды өткізудің тар өрістілігі ауылшаруашылық кооперативіне жат. Керісінше, оларға өндірілетін өнімдерді үлкен партиямен жөнелту үрдісі тән. Осы арқылы айналым қара­жа­тының көлемін одан әрі өсіре беруге болады. Бұл өз ке­зе­гін­де кооператив мүшелеріне жа­ңа техникалар мен қосымша асыл тұқымды малдарды сатып алу­ға және қажетті мал азығын жа­сақтауға мүмкіндік береді деп мәлімдейді мамандар. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы