19 Қараша, 2016

Пара берсе, ала берген

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматыда 9 айда 871 лауазым иесі жемқорлығы үшін жауапқа тартылды Мегаполисте жемқорлыққа қарсы кезекті ауқымды жиын өтті. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңару» Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы  филиалы қаладағы кәсіпкерлердің басын қосты. Парақорлықтың бизнес­пен байланысты жүйелік кедергі­леріне қатысты кездесуге салық, құқық қорғау мекемелері, қала әкімдігі мен қоғамдық ұйымдар да шақырылды. Жиын барысында жемқорлыққа байланысты нақты қылмыстық істер туралы мәліметтер айтылды. Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері жә­не сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің мәлімет­те­рі бойынша, жыл басынан бе­рі Алматыда жемқорлыққа қатысты 156 қылмыс орын алған. Парақорлық жағынан қалада Алмалы, Бостандық және Медеу аудандары «көш бастап» тұр екен. «Алматыда 2016 жылдың 9 айында парақорлығы үшін 871 лауа­зым иесі жауапқа тартылды. Оның 11-і республикалық, 53-і облыстық, 103-і қалалық және аудандық деңгейдегі қыз­мет­керлер. Бұлар мемлекетке 33 миллиард теңге зиян келтірген. Шығынның 19,5 миллиарды кері қайтарылып, жеке мүліктері тәркіленді», – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Алматы қалалық департаментінің жетекшісі Мақсатхан Анапин. Агенттік жүргізген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына көз салсақ, жемқорлық індеті Маңғыстау облысында – 29%, Жамбыл облысында – 24% және Алматы қаласында 22%-ды құрайды. Керісінше, Солтүстік Қазақстан облысында парақорлық барынша төмен – 0,4%. Өкінішке қарай, соңғы 5 жылдың ішінде жемқорлықтың кесірінен көп көлемдегі қаржы қолды болып, 47 қылмыскер осы күнге дейін халықаралық іздестірілуде жүр екен. Мемлекеттік қызметті ық­шам­­дау мақсатында 3 деңгейлі іріктеуден тұратын конкурстық не­­гіз­дегі мансаптық тағайындау үл­гі­сі енгізілген болатын. Мем­ле­­­кеттік мекемелерде жұмыс і­с­те­гісі келетіндер алдымен заң­­­дарды білуі, жеке адами қа­с- и­е­т­­тері арнайы сынақтан өтіп, осы­­д­ан кейін ғана әңгімелесуге ша­­қырылады. Дегенмен, мемлекеттік қызметкерлер жала­қы­­сының 20-40 пайызға өсуі кадр ал­масуын 2 есеге, команда ауысу­ын 27 есеге азайтқан. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қолға алынған кезде 59 түрлі заң қабылданғаны белгілі болып отыр. Осы және басқа да шара­лар­­дың арқасында Transparency International әлемдік кор­руп­циялық картасында Қазақстан қа­зір 168 елдің ішінен 123 орын­ға жылжыды. 2014 жылы 17 орын­ға төмен болатын. Ал па­р­а­­қ­ор­­лықтың ең төменгі дең­гейі Канада, Финляндия мен Германияда тіркелсе, керісінше, Ауғанстан, Судан және Вене­суэла жемқорлық жағынан ал­ғаш­­қы үштікті бастап тұрған кө­рінеді. Кездесуде Халықаралық валюта қорының бағалауынша, мем­лекеттік сектордағы жем­қор­лық әлемдік ІЖӨ-нің 2 пайы­зын алып кететіні айтылды. Бұл Алматы қаласының жал­пы өңірлік өніміне тең, демек, 79,2 миллиард теңге. Ал бұл қаражатқа 80 мектеп, 100 балабақша салуға немесе 500 шақырым жолды жөндеуге болады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ