19 Қараша, 2016

Бюро отырысы өтті

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары қарсы барлау қызметі туралы және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда депутаттар назарына ұсынылмақ. Палата осы күні «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарайды. Және Иранмен сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.