19 Қараша, 2016

Елшілерді қабылдады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродскийді оның өтініші бойынша қабылдады. Төраға Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың желтоқсанда Қазақстанға жоспарланған алғашқы ресми сапарының маңызды сипатын атап өтті. .Қ.Тоқаевтың пікірінше, алда­ғы жоғары деңгейдегі келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты мүл­де жаңа деңгейге көтеретін болады. Сенат басшысы парла­ментаралық байланыстарды одан әрі нығайту жайын да айтты. Израиль елшісі Б.Нетаньяху сапары аясында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қоюға әзірлік туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Шимон Перес тура­лы қазақстандық және израиль­дік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған естелік мақаласы үшін Сенат Төрағасына М.Бро­дский алғыс айтты. Сол күні Қ.Тоқаев Жапония елшісі Итиро Кавабатомен де кездесті. Жүздесушілер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қараша­ның басындағы Жапонияға ресми сапары зор табыспен өтке­нін атап өтті. Қ.Тоқаев Токио­дағы келіс­сөздер екіжақты ынтымақ­тастық саласында нақты нәтиже­лерге жеткізді деп санайды. Дип­ломаттың айтуынша, Қазақ­стан Президентінің Жапония Парла­ментіндегі жарқын да мазмұнды сөзін қос палатаның депутаттары ерекше жоғары бағалады. Кездесу барысында жаһандық қарусыздану және ядролық қару­ды таратпау саласындағы екі мемлекет ынтымақтастығының келешегі талқыланды.