Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері-2016» халықаралық семинары басталды.
Биыл еліміздің басты ғарыштық форумы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы және ҚР дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі мысалында заманауи ғарыш технологияларының практикалық тәжірибесіне және перспективаларына арналған.
Семинар қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Президенттің Қазақстанның ғарыш саласын құру бойынша қойған міндетінің маңыздылығын баса айтты.
«Өздеріңізге де мәлім, бір айдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа министрлік – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі адамзаттың барлық өмірлік салаларында терең ықпалдасып келе жатқан ғарыш қызметін дамыту болып табылады. Бұл үрдіс мемлекет алдына маңызды міндет қояды, ол – бір мезгілде ғарыш қызметінің бағыттарының толық кешенін және соңғы тұтынушыға бағытталған ғарыш қызметтерінің кең спектрін дамыту. Әлемдегі ғарыш технологияларын қолданудың маңызды бағыттарының бірі Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерін экономиканың түрлі салаларында пайдалану. Оған қоса, барлық деңгейлердегі мемлекеттік сектор ғарыш түсірілімдерінің негізгі сатып алушысы болып қалуда. Оларды ұсыну технологиясы да жетілдіріліп келеді», – деді министр.
Б. Атамқұлов сондай-ақ министрлік Қазақстанның ғарыш өнімдері мен қызметтерін сенімді жекізуші болып қалыптасуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілетінін айтты.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48