22 Қараша, 2016

Құмалақшы

952 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Саумалкөл ауылының орталығындағы дәмхананың алдында қысы-жазы өңін бермейтін, көнетоз күртешесін киіп, балшы отырар еді. Сенім селкеу тартқан заманда балшыға да иланатындар селдіреген бе, әйтеуір, қашан өтсем де «клиенттерін» шақырған ащы дауысы құлақты жарып тұратын. Одан әріректе бала­бақ­ша­­­ның тұсындағы жа­яу жүр­гін­­­шілер өтетін жал­ғыз­аяқ соқ­­­­пақтың бойында кір-кір ора­­­­­малын жайып қой­ып, құ­ма­­­­­лақшы әжей 41 құ­ма­лағын та­­­­­ра­тады. Екі қолы құ­ма­­лақ­­­­та­ғы 41 тасты сапырып жат­­­­­қан­да, аузы да сөзден бо­са­май­ды. – Қырық бір құмалағым ақ сөйле, ақиқатын айт, – деп қояды құмалақшы әжей. Құйысқаны берік, маң­­дайы ашық, жол түсіп тұр екен. Кешікпей келеді, қара­ғым, үмітіңді үзбе,–дейді алдын­да­ғы жабырқау жүзді жас ана­ға. Тағдырдан таяқ жеп жүр­­ген­дер аз ба. Өзгеден сүйе­ніш, жабырқау жанын жады­ратар ине­нің жасуындай үміт сәулесін көрмегеннен кейін жара­ты­лыстың жұмбақ құ­бы­лыстарына сенетіндер де та­былады. Бізге дейін­гі, біз көр­меген көне заманда шын м­ә­нінде жаратушының өзгеден бө­лек жаратқан ерекше да­рын­ға ие, жалпы жұрттың түсінік-түй­сі­гіне жұмбақ тылсым сыр иелері болса болған-ақ шы­ғар. Көзбен көріп, құлақпен есті­мегеннен кейін әлде аңыз, әлде ақиқат дүниелердің түпкі шынайылығы әркімнің қалай қабылдауына байланысты болса керек-ті. – Қаржы пирамидасына ақ­ша салып едім, қайтарамын ба?–деп сұрайды орта жастан ас­қан бір азамат. – Қазір, құлыным. Құмала­ғым­­ды тартайын. Менің құ­ла­ғыма періштелер сыбырлайды. Кім білсін. Әу, баста та­б­и­ғат толайым дарын сый­ла­­­ған ерекше қабілет болса, бо­­латын-ақ шығар. Бірақ, бая­ғы­да біздің елдің шалдары пе­ріште кір шалмаған, та­за же­рде ғана жүреді. Лас, иіс-қо­­ңыстан аулақ дейтін. Құ­ма­­­лақшы әжемнің алдында жат­қан кір орамалға қарап тұ­рып, дәл осы жерде жүрсе, пе­­ріш­телер де пәтуасынан жа­­ңы­лайын деген шығар деп ой­­ладым. Суға кеткен тал қар­­­­майды. Қыруар қаржы­сын ала­­­­яқ­тардың қолына өз аяқ­та­­­рымен апарып бергендер енді лүп еткен желмен бірге шай­­­­қалып отырған кейуанадан көмек сұрайды. Шамасы, бас­­­­қадан үміт үзілген шығар. Егер, құмалақшы әжей бә­рін біліп тұрса, әркімнің 5-10 тиынына жанарын жасытпай, жиған азын-аулақ қаржысын қырып пайда табу үшін қаржы пирамидасына алдымен өзі салар еді ғой. Байқал БАЙӘДІЛОВ