23 Қараша, 2016

Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтті

484 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі Лубомира Заоралек және Аймақтық даму министрі Карла Шлехтова қатысты. Жүз елудей шетелдік, отан­дық компания өкілдері атсалыс­қан шара қос мемлекет арасын­дағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақ­тас­тықты жалғастыру және нығай­туға бағытталған. Олар B2B фор­матында энергетика, көлік құрастыру, құрылыс, фармацев­тика және басқа да салаларда бизнес жүргізу жөнінде келіс­сөздер жүргізді. Сонымен қатар, чехиялық «Prevalent» ин­вес­тициялық қоры мен қазақ­стандық «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвести­циялар ұлттық агенттігі ара­сында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жиын барысында Инвес­тиция­лар және даму министрінің орын­басары Ерлан Хаиров еліміз­дегі жекешелендіру үрді­сінің сәтті жүзеге асып жат­қанын әңгімеледі. «Біздің ау­қымды жобалар Чехия Рес­пуб­ликасының өкілдерін қызық­тырады деген сенімдеміз. Ал­дағы уақытта мемлекет-жеке­меншік әріптестігі жүйесін қол­дан­бақшымыз. Қазіргі таңда мемлекеттік ірі компанияларды жекешелендіру үрдісі сәтті жүзеге асуда. Осы орайда Чехия бизнесмендерін бізбен бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырамыз», деді ол. «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жанғозаров өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 270 миллион доллардан асқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда Чехиямен бірлескен 100 компания жұмыс істеуде. Әсіресе, автокөлік құрастыру саласы қарқынды дамып келеді, ел аумағында 20 мыңнан астам автомобиль шығарылған. Айта кеткен жөн, 2005 жыл­дан бастап Қазақстан мен Че­хия арасындағы тауар айналы­мы 183 миллион АҚШ долларына жуықтады. Ал Еуропа елі­нен түскен тікелей инвестиция­лар көлемі шамамен 560 миллион долларды құрайды. Жыл ба­сындағы деректерге сүйенсек, Қазақстанда Чехия капита­лының үлесімен 181 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде 106 кә­сіпорын – қызмет көрсету бағы­тында. Ал 2008-2015 жылдар аралығында елімізден Че­хия­ға бағытталған экспорт 559,6 млн АҚШ долларын құраған. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10