Қазақстан Республикасының Вашингтондағы елшілігінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде америкалық павильонды ұйымдастырушы компанияны таңдау жөніндегі тендердің қорытындылары жарияланды. Мемлекеттік департамент «APCO Worldwide» консалтингтік компаниясын осы міндетті атқаруға лайық деп тапты.
Іс-шара барысында АҚШ-тың Энергетика министрі Эрнест Мониз, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі Ниша Бисвал, Америка-Қазақстан іскерлер ассоциациясының атқарушы директоры Сара Фриз сөз сөйлесе, Американың іскер және ресми топтарының, қоғамдық ұйымдарының өкілдері де өздерінің ойларын ортаға салды.
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Н.Бисвал Қазақстан мен АҚШ қатынастарының одан әрі дамуында ЭКСПО айтарлықтай рөл атқаратынын және оның америкалық компанияларға болашақ энергиясын пайдаланудағы технологиялық жаңалықтарын көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сөйтіп, АҚШ өзінің павильонын ұйымдастырушы компанияны анықтап, Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысуға белсенді атсалыса бастады. Америкалық дипломаттың сөзіне қарағанда, бұл Қазақстанмен ынтымақтасуға мүдделі жекеменшік компаниялардың қаржылай көмегінің арқасында мүмкін болған.
Энергетика министрі Э.Мониз энергетика, ядролық қауіпсіздік және таратпау салаларындағы екіжақты стратегиялық әріптестікті жоғары бағалап, Қазақстан осы салаларда АҚШ-тың маңызды әріптесі болып табылатынын атап өтті. Ол өзінің сәуір айындағы Астанаға сапарын жылылықпен еске алып, Қазақстанға қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстанда өтетін көрменің инновациялық бағыты мен ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігін қанағатпен атап өтті. Энергетика министрі АҚШ-тың ұлттық павильонында Американың ғылыми-техникалық жетістіктері көрініс табатынына да назар аударды.
«APCO Worldwide» компаниясы жеңімпаз деп танылғаннан кейін оның басшысы Марджери Краус: «Ұлттық павильонды ұйымдастыру құрметті миссиясын атқаруға тағайындалуымыз біз үшін үлкен абырой», деді. Ол, сонымен қатар, павильонның тұжырымдамасын жасауға, тәжірибелі әріптестері тартылатынын да атап көрсетті. Сонымен, павильон жасақтау ісіне құлшына кірісетін персоналдың да дайын тұрғаны белгілі болды. Ал – «The source of infinite energy» («Қуаттың таусылмас қайнар көзі») деп аталмақ.
Жақын арада Мемлекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэнон бастаған делегация Астанада сапармен болып, Америкаға арналған павильонды қарап шықты. Дипломат ғимаратқа ризашылығын білдіріп, америкалық тараптың көрмеге дайындықты бастау үшін бюрократиялық рәсімдерді тездететінін жария етті, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметі.
• 23 Қараша, 2016
«APCO Worldwide» – америкалық павильонды ұйымдастырушы компания

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16