Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру саласындағы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі аймақтық қорының директоры Аланна Армитажбен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен БҰҰ қоры арасындағы халықты қоныстандыру саласындағы гендерлік саясатты жүзеге асыру және өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі әйелдер рөлін күшейтуге қатысты бірқатар өзекті мәселені қарастырды.
Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова отбасын жоспарлау, халықтың репродуктивтілік тұрғысындағы денсаулығын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою мәселелері жөніндегі өзара тиімді іс-қимылға тоқталып өтті.
Г.Әбдіқалықова 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарының толық іске асырылуын Қазақстанның қолдайтынын айтты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда елдік үш бағдарлама табысты жүзеге асырылып, 2016-2020 жылдарға арналған төртінші цикл бағдарламасы іске қосылды. Алматыда Қазақстанның өңірдегі басты рөлін айқындайтын Өңіраралық офис құрылды. ЮНФПА ана өлімін азайту, аналар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заманауи халықаралық технологияларды енгізу, перинаталдық көмекті аймақтандыру жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асырды.
«Қазақстанның БҰҰ-мен қарым-қатынасы – сыртқы саясатымыздың басымдығы бар негізгі бағыттарының бірі. Республикамыз ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өзара іс-қимыл аясын одан әрі кеңейтуге ниетті», – деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы кездесу соңында БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру саласындағы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі аймақтық қорының директоры Аланна Армитаждың жаңа қызметіне табыс тілеп, ЮНФПА-мен тиімді жұмыстың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10