
Мұсылман халқының қасиетті кітабының қайталанбас нұсқасын жасау үшін оған шамамен 50 метр таза әрі сапалы жібек матасы жұмсалған. Ал жұмысты толық бітіру үшін шебердің үш жыл уақыт кеткен. Айта кетерлігі, Тунзале Меммедзаде Ыстанбұлдағы Мармара университетінің доктаранты. Оның ғылыми еңбегі Әзербайжан халқының декоративті-қолданбалы өнерінің інжу-маржаны саналатын күмбездеп кесте тігу тарихын зерттеуге арналған.