Көкшетау қаласына өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін Қазақстан президенттігіне Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан тіркелген кандидат Жамбыл Ахметбеков келді. Мұның алдында ол Қорғалжын ауданында болып, жерлестерімен кездескен еді.
ҚКХП ОК хатшысы В.Косаревтің бастауымен Ж.Ахметбеков, Ақмола облыстық партия комитетінің хатшысы Н.Самигулина, үміткердің сенім білдірілген адамы В.Сорокин, басқа да белсенділер Көкшетаудағы орталық саябақтағы В.И.Ленин ескерткіші мен 1918-1921 жылдарғы азамат соғысында құрбан болған көкшетаулықтар кешеніне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар алдында Жамбыл Аужанұлы қысқаша сөз сөйлеп, баспасөз өкілдеріне сапар мақсаты жөнінде шағын сұхбат берді.
Одан кейін президенттікке кандидаттың серіктестері қаланың жетекші кәсіпорны – «Тыныс» акционерлік қоғамында болып, үдемелі индустриялық-инновациялық бағыттағы жаңа желілер жұмысымен танысты, өнімдер көрмесін тамашалады. Цех жұмысшыларымен әңгіме барысында еліміздің саяси жүйесі, тарифтердің өсуі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру мәселелері сөз болып, көптеген сұрақтарға жауап қайтарылды. Су, газ есептегіш құралдар цехының 50 адамдық ұжымына үгіт парақшалары мен күнтізбелер таратылды.
Көкшетаудың орталық базарында Жамбыл Ахметбеков сатушылармен және тұтынушылармен сұхбат құрды. Олар қозғаған негізгі мәселе азық-түлік тауарларына бағаның қымбаттауы болды. Ж.Ахметбеков президент бола қалған жағдайда баға саясатына ықпал жасайтын оң тетіктердің іске қосылатынын, ҚКХП тарапынан соңғы уақытта қолға алынған шаралар туралы баяндады. ОК хатшысы Владислав Косарев Ақмола облысы әкімдігі тарапынан қолға алынған жағдайларға тоқталып, біршама істердің атқарылғандығын атап көрсетті. Қазір қалада картоптың килосы 90 теңгеден сатылып жатса, дәстүрлі жәрмеңкелерде ол 70 теңгеден аспайтынын құптарлық қадам ретінде бағалады. Әйткенмен, бұған қанағаттануға болмайды.
Қаладағы №1 орта мектепте президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сайлаушылармен кездесуі болды. Онда обком хатшысы Нәйла Самигулина жиналғандарды үміткердің өмір және қызмет жолымен таныстырды. Одан кейін Жамбыл Аужанұлы сайлауалды бағдарламасының негізгі тірек-тұтқаларын баяндап берді.
– Мен неге сайлауға барамын? – деп өзіне өзі сұрақ қойды президенттіктен үміткер. – Біздің басты мақсатымыз – қарапайым халықтың үнін, оның үміттері мен наласын мемлекеттік билікке жеткізу ғана емес, қисынды талаптарына құлақ астырту. Алдағы сайлауда менің басты қарсыласым кім болмақ? Ол, әрине, қазақстандықтардың немқұрайдылығы дер едім. Қоғамды жайлаған үнсіздік пен бұқпантайлау қоғамды көтере алмайды, құлатуы да мүмкін. Бұл – баршамыздың кемшілігіміз. Ертеңгі сайлау халқымызды сілкініске түсіреді деп сенемін.
Кездесуге қатысушылар жылу және сумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының жұмысына, негізгі азық-түлік өнімдеріне байланысты баға құрылымына, балалар өтемақысын өсіруге, білім беру сапасына, оның қолжетімділігіне қатысты және кандидат жеңген жағдайда мемлекеттік мәселелерді шешуге партияның қатысуы туралы сұрақтар қойылды. Бұған басқосу қонақтары тиісті жауаптар қайтарды.
Бақберген АМАЛБЕК.
Көкшетау.
------------------------------------
Суретте: «Тыныс» АҚ цехындағы кездесу.

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің қандай артықшылықтары бар?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қоғам • Бүгін, 15:06
Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында
Қоғам • Бүгін, 15:02
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54