Кеше елордада «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы қалалық филиалының мүшелері «Теплотранзит» және «№1 автобус паркі» акционерлік қоғамдарының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауына кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді. «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының қалалық филиалына елордадағы қоғамдық және саяси күштер, мәдениет пен білім беру салаларындағы беделді кісілер мүше. Бүгінде демократиялық күштер коалициясы бас біріктіре отырып, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси үдерістерге, әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге қолдау көрсетіп келеді.
Еңбек ұжымдарының кездесуіне президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сенім білдірілген адамдары – «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Рахымжанов, Астана қалалық мәслихатының депутаты А.Байгенжин, сондай-ақ Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына кіретін саяси партиялардың өкілдері қатысты.
«Егемен-ақпарат».