16 Наурыз, 2011

Өзара мүдделестік танытылды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Украинаның Сыртқы істер министрі Константин Грищенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Әңгімелесуші тараптар Президент Н.Назарбаев пен Президент В. Януковичтің кездесулері ерекше жігер берген екіжақты және көпжақты сипаттағы Қазақ­стан және Украина ынтымақ­тас­тығының одан әрі даму бета­лы­сына байланысты мәселелер шеңберін қарастырды. Қос елдің сауда-эконо­ми­ка­лық ынтымақтастығының қарқы­ны­на тоқтала отырып, тараптар стратегиялық әріптестікті жан-жақты дамытудың маңыздылы­ғын атап өтті. Қ.Саудабаев пен К.Грищенко сондай-ақ жаһандық деңгейдегі ядролық қауіпсіздікті нығайту мен ядролық қаруды таратпау саласындағы заманауи үрдістерді талқылады. Осы ретте таяуда Киевте өтетін Ядролық энергияны инновациялық және қауіпсіз түр­де қолдану мәселелеріне арнал­ған саммиттің маңыздылығы атап көрсетілді. Тараптар үстіміздегі жылғы 8 сәуірде өтетін ТМД елдері Сырт­қы істер министрлері кеңесі бас­қосуына дайындық барысын қа­рас­тыра отырып, аталмыш бір­лес­тіктің одан әрі қарайғы жемісті қызметін қамтамасыз ету мақ­сатындағы өзара ұмтылыстарға тоқталып өтті.