16 Наурыз, 2011

Ежелгі әріптестіктің жаңа сатысы

378 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған қазақстан­дық делегация ресми сапармен Беларусь Республикасына келді. Бұл ел Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынас қана емес, бірқа­тар ұйымдарда да әріптес болып табылады. Өткен жылы Қа­зақ­стан мен Беларусь арасындағы нақты тауар айналымы 850 млн.долларды құраған. Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде көретін беларустар елімізбен байланысты өте жоғары бағалайды. Таңертең ерте Астана әуе­жайы­нан аттанған қазақстандық делегация отырған ұшақ бе­л­а­рус­тың ұлттық әуежайына сағат то­ғыз­да келіп қонды. Алдымен Қа­зақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Беларусь Респуб­ли­ка­сы­ның Үкімет үйіне атбасын тіреді. Мұнда ол жаңа әріптесі, Беларусь Үкіметінің басшысы Михаил Мясниковичпен алдымен ша­ғын, кейінірек кеңейтілген құрам­да кездесу өткізді. Беларусь Премьер-министрі М.­Мя­сни­ко­вич ел делегациясын өздерінің жаңа жа­сақ­талған Үкімет құрамымен та­ныстырып өтті. М. Мясникович Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған еліміз делегациясын қабылдай отырып, Қазақстан Кеден одағы арқылы жай әріптес емес, сонымен қатар стратегиялық әріптес екендігін жеткізді. Біз Қазақстанмен тұ­рақ­ты экономикалық қарым-қаты­нас­тамыз. Тек қана тауар айналымы емес, екі ел арасында ондаған инновациялық жә­не өндірістік кәсіпкерлік жобалар жү­зеге асуда. Ауыл шару­ашы­лы­ғы са­ла­сында да бірқатар жобалар бар. Сон­дай-ақ, біз ғарыш сала­сында келешекте жақсы әріптестік орнайды деген сенімдеміз. М.Мя­с­ни­ковичтің айтуын­ша, Қазақстан мен Беларусь мемлекеті арасындағы тауар ай­налымы өткен жылы 850 млн. дол­ларға жеткен. Ол дағдарысқа дейінгі көр­­сет­кіштің өзінен 60 пайызға ар­тық. Біз қалыптасқан әріптестік, дос­тық байланысымызды жаңа жетістіктермен толықтыра отырып, жа­­ңа ке­зең­ге шығаруға талпынатын бо­ла­мыз. Бұл тұрғыда екі елдің әлеует­тері қазіргіден де жоғары деп ой­лай­мын, деді Беларусь Премьер-министрі Михаил Мясникович. Тауар ай­налы­мы­нан ғана емес, инно­ва­циялық жоба­лар­ды жүзеге асыруға көшуіміз керек. Ал Қазақ­стан­ның индус­т­рия­лық-иннова­ция­лық жоба­сы өте тамаша жоба, деді ол. Бұдан кейін сөз алған Кәрім Мәсімов ал­ды­­мен жаңа Үкіметтің жа­сақ­та­луы­мен құттықтады. Егемендік алған кезде екі елдің басшы­лары негізін салған Қазақстан мен Беларусь ара­сындағы қарым-қаты­нас­тар, стра­тегиялық әріптестік екі ел үкімет­тері басшы­лары­ның ар­а­сын­да тың әріп­тес­тікті қалыптас­тыру­ға серпін бермек. Соң­ғы жыл­дары әріптес­тік­ті да­мы­туға бағыт­та­л­ған қадамдар, құжат­тар, жа­ңа жо­балар біздің ал­дымызда тұр­ған мақсат, екі ел ара­сындағы тауар ай­на­лымын 1 млрд. долларға жеткізуге, болашақ­та одан да асып түсу­ге жаңа мүм­кін­діктер аш­пақ.  Белоруссия  аг­ро­өн­ді­рісі мен ауыл ш­а­руа­шы­лығы, ин­дус­т­риясы жоғары дамыған ел, ал Қазақ­стан­ның ши­кі­заттық секторда мүм­кін­діктері мол. Бү­гін­гі екіжақты кездесу мен алда Кеден одағы аясында өтетін үшжақты кездесулер бізге дағ­дарыстан кейінгі кезеңде макро­эко­но­микалық тұрғыда тәжі­рибе ал­масу­ға, сондай-ақ жаһандық қатер­лер­ге бірігіп жауап беруге септігін тигізеді деп ойлаймын, деді Қазақ­стан Премьері. Түстен кейін Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкомен кездесті. А.Лукашенко Қазақстан Үкіметі басшы­сы­ның беларусь жерінде өткізіп жат­қан кездесулеріне қанағаттан­ған­дығын жет­кізді. Бізде отыздан аса бірлескен кәсіп­орын­дар бар. Олар Қазақстан секілді мықты елді индустриялан­ды­руға қыз­мет ететін болады. Маған Қазақстан тарапы­мен қарым-қатына­сы­мызды бір­­­­қатар жа­ңа жобалармен толық­ты­ру­ға ұсы­ныс түскендігі мә­лім. Қа­зақ­станмен ара­дағы екіжақты қатынас­ты одан әрі кеңейтуге даяр­мыз. Осы­­ған дейінгі тәжірибеміз ар­қ­ы­лы Қазақ­стан­ның рыногында келісімдер арқы­лы жү­зе­ге асырылған жобаларға қа­рай отырып оған сеніміміз кәміл, деді Беларусь Респу­б­ликасы Президенті А.Лукашенко. Өткен дағдарыстан шы­ғу жылында Қазақстанмен ара­да­ғы тауар айна­лы­мы 1 млрд.долларға жақындады. Бо­ла­­шақ­та БЭК аясын­да бұл көр­сет­кішті бірнеше есе өсі­руге мүм­кін­дік бар. Ал бағалар әлемдік ры­нок баға­сы­нан әлдеқайда төмен. Сондықтан өзара келісімге қол жеткіземіз деп ойлаймын, деді Беларусь басшысы. Бұдан соң А.Лукашенко Елбасына алдағы сайлау науқанына тілектестігін білдіріп, сә­ле­мін жеткізуді өтінді. Өз кезегінде Кәрім Мәсімов те Қа­зақстан мен Беларусь арасын­дағы  әріп­тестікті жоғары бағала­ды. Соңғы жыл­дары Қазақстан мен Беларусь Рес­публикасы ара­сын­да түрлі деңгейдегі келісімдерге қол қо­­йыл­ды. Әлемде қар­жы дағ­да­ры­сы күшейіп тұрған кез­де біздің әріп­­тес­тігіміз ұстан­ған бағы­ты­мыз­дың дұрыстығын айқындап берді. Біз осынау нәти­желі әріптестікті одан әрі да­мы­туды ұсынамыз, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов. Осы күні кешкісін Беларусь Рес­­пуб­ликасына сапары аясында К.Мә­сімов ЕурАзЭҚ мемлекет­ара­­лық ке­ңе­сінің  үкімет басшы­ла­ры деңге­йін­дегі кезекті отыры­сы­на қа­тысты. Бұл ту­ра­лы алдағы нө­мірде хабар­лайтын боламыз. Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан» – Минскіден.