09 Қаңтар, 2017

Қытайда сутекті ұшақ сынақтан өтті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚХР-да сутекті отын элементімен ұшатын ұшақ сынақтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғалымдар RX1E (электрлік екі орындық ұшақ) базасында  жасаған ұшақ Шэньян қаласынан ұшып, 320 метр биіктікті бағындырды. Жаңа ұшақ 20 кВт қуат өңдеуге қабілетті  сутекті отын элементімен жарақталған. Оның есебінен ұшақтың аккумуляторы, сондай-ақ борт жүйелері мен электр моторы қуат алады. Қытай сутекті отынмен ұшақты сынақтан өткізген үшінші ел. Осы сәтке дейін АҚШ пен Германия ғана  сутекті отын элементімен ұшақтарды сынақтан өткізген болатын.