09 Қаңтар, 2017

Батыс Қазақстанда 324 ескі автокөлік өткізілді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облысында 21 қарашадан бері 324 ескі автокөлік өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ӨКМ операторы» ЖШС аймақтық менеджері Зорынбек Бисеновтің айтуынша, осы автокөліктер үшін иелеріне 150 мың теңгеден, барлығы 48,6 млн  теңге төленді. Өткен жылғы 21 қарашада басталған ескі көліктерді жою науқаны бұдан былай да жалғасады. Айта кетейік, көлік құралы екі санат бойынша бағаланады. Яғни, толық комплектациясы болса, ол көлік үшін 150 мың теңге, ал белгілі бір бөлшегі жетіспесе, 48 мың теңге төленеді.