09 Қаңтар, 2017

Джефф Мейвезер: Головкин жоғары салмаққа өтуі тиіс

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
    2 Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезердің ағасы Джефф Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкин ұлы спортшылардың бірі болуы үшін салмағын арттыруы тиіс деген пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Головкиннің күшіне аздап тамсанатыным рас. Жекпе-жектерін де назардан тыс қалдырмай көріп жүремін. Бүгінде орта дивизионда алдына жан салмайтын үздік боксшыға айналды. Дегенмен, өткенге көз жүгіртер болсақ, кіл мықтылар бір салмақта тоқтап қалмаған. Көбісі ең төменгі дәрежеден бастап, кезең-кезеңімен көтеріліп отырған. Ал ондай сынақтан өтпеген адам өзіне қолайлы жерден қозғалғысы келмейді дегенді білдіреді. Джейкобсқа қарсы тартысты жекпе-жек күтіп тұр. Меніңше, Дэннидің мүмкіндігі көп», – деді Мейвезердің ағасы. «Головкин шын мәнінде қандай мықты боксшылармен кездесті? Мен тек үшеуін ғана айтар едім. Оның бәрінде нокаутпен жеңе алмады. Сондықтан үздіктердің қатарына ену үшін салмақ дәрежесін арттырғаны абзал. Бірақ қазіргі әрекетіне қарап, мұндай қадамға дайын деп ойламаймын», – деді Джефф Мейвезер. Бұған дейін ол мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен тек ақша үшін жекпе-жек өткізгісі келеді деген пікірін білдірген. Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шеберінің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің алдағы уақытта 175 фунтқа дейін көтерілуі мүмкіндігін мәлімдеген болатын.