18 Наурыз, 2011

Ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы аймақтық бітімгерлік дипломатия орталығының басшысы Мирослав Енчаны қа­бы­лдады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Орталық Азиядағы су-энер­гетикалық ресурстарды басқару, заңсыз көші-қон, есірт­кі трафигі және трансшекаралық қылмыс, экст­ре­мизм мен терроризмге қарсы күресті қам­титын ынты­мақтас­тық  мәселелерінің кең шеңбері, сондай-ақ ау­ған проб­ле­масымен қоса, аймақтағы ахуал талқыланды. Ауған мәселесін қозғай отырып, Қ. Саудабаев терроризм, заңсыз есірткі трафигі мен діни экстре­мизмге тегеурінді қарсы күресудің көкейкестілігіне тоқталды және Астананың аталған елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға жан-жақты көмек беруді одан әрі жалғастыру ниетін қуаттады. Қырғызстандағы ағымдағы жағдайды әңгіме ете отырып, Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Елбасының бастамасы бойынша достас елге мемлекетаралық көмек көрсету жөніндегі бағдарлама әзірленіп жатқандығын мәлімдеді. БҰҰ мен Қазақстан арасындағы жаһандық және ай­мақтық деңгейдегі ынтымақтастықтың үдемелі даму си­па­тына тоқтала отырып, М. Енча Президент Н. На­зарбаевтың ұсынысымен таяуда Қазақстан өкілі Қ. То­қаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры жоғары лауазы­мы­на тағайындалуы ынтымақтастықтың бір айғағы екендігін атап өтті.