09 Қаңтар, 2017

Жаңа үйлердегі пәтер бағасы арзандады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың желтоқсанында жаңа тұрғын үйдегі пәтердің шаршы метр құны  247,3 мың теңге болды, деп хабарлайды статистика комитеті. Жаңа үйлердегі баға 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға төмендеген. Жайғастырылған баспананың құны 2016 жылы 0,7%-ға қысқарып, шаршы метріне 188,6 мың теңге болды.Ал жайғастырылмаған баспананы қайталап сату 3,6%-ға (шаршы метрні е115,3 мың теңге) қымбаттады. Сонымен қатар элиталық баспананың шаршы метр құны желтоқсанда 203,9 мың теңгені құрап, жыл ішінде 1,1%-ға төмендеді. Жайлы баспананы жалға алу нарығында 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда айтарлықтай құбылу жоқ. Еліміздің қайтамала нарықтағы жалдамалы баспананың шаршы метрі айына 1,2 мың теңге (қысқару – 0,2%) тұрды. Ал жайғастырылмаған баспананы жалдау ақысы әр шаршы метріне 726 теңгеге шығады.