09 Қаңтар, 2017

Ресей ОПЕК+ шартындағы міндеттемесінің үштен бірін орындады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаңтардың басында Ресей желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге азайтты, деп хабарлайды Reuters агенттігі. ОПЕК+ келісімі аясында ұйымға мүше және оған кірмейтін мемлекеттер өндірісті тәулігіне 1,8 млн баррельге азайтуы керек еді. Осы келісім аясында Қазақстан өзіне жүктелген 20 мың баррельді өткен аптада азайтқаны айтылған болатын. Одан бөлек Кувейт, Оман, Ирак, Сауд Арабиясы да өздеріне тиесілі көлемде қысқарта бастады. Ал Иран керісінше мұнай экспортын көтере түскен. Нәтижесінде бүгінгі таңертеңгі сессияда қара алтын құны сәл арзандады. Естеріңізге сала кетейік, Ресей жоғарыда аталған келісім бойынша тәулігіне 300 мың баррель азайту керек болатын. Әзірге міндеттеменің тек үштен бірі орындалды. Алайда елдің энергетика министрі Александр Новак алдағы уақытта мұнай өндірісін 300 мың баррельге дейін азайтатынын айтуда.