10 Қаңтар, 2017

Есімін «Боранбай» деп қояр ма екен?

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құданың құдіреті, Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының аумағында қыс болса боран соғады да тұрады. Жерінің орналасу ерекшелігіне байланысты ма екен, әйтеуір басқа өңірде жаяу бұрқасын ғана сырғыса, бұл жерде ат құлағы көрінбейтін ақтүтек бораннан көз ашпайсың...  Жаңа жылдың алғашқы аптасында да боран бір тынбай соқты да тұрды. Соның салдарынан Осакаровка кентінің үстінен барлық бағыттағы елді мекендерге өтетін жолдар түгел жабылып қалды. Өйткені, боран өз алдына, кей жерлердегі қардың қалыңдығы 1,5 метрге дейін жеткен еді. Сондай күндердің бірін­де ауда­н орталығынан 40 шақы­рымдай жердегі Қарағайлы ауылы­нан айы-күні жақындаған әйелді ауыр толғақ қысып жат­қан­дығы туралы хабар келіп жетті. Аудандық ауруха­на­дағы­лар төтенше жағдай­лар бөлімшесімен жедел байланысып, көмек сұрауға мәжбүр болған. Дәрігерлерді діттеген жеріне жеткізу үшін құтқарушылар омбы қарды елең қыла бер­мейтін, барлық керек-жарақпен жабдықталған ЗИЛ-131 көлігін жолға шығарды. Соның арқа­сында, даланың сірескен қарын бұзып-жарып, босана алмай қиналып жатқан анаға дер уақы­тында жетудің мүмкіндігі туды. Сөйтіп, дәрігерлер мен құт­қару­шылардың тізе қоса қимыл­да­ған еңбегі далаға кетпей, дү­ни­еге балпанақтай ұл дін-аман келді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы, Осакаров ауданы