10 Қаңтар, 2017

Жаз-ата және жарқын із

1014 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
zhazylbek-ataнемесе суреттегі алтау туралы сөз Екі мәрте Социа­листік Еңбек Ері Жазылбек Қуаныш­баевтың, «Мал­шы­лардың маршалы» атан­ған Жаз-ата­мыздың айналасында әрдайым жарқын жүзді, жайдары мінезді адамдар аз болмайтын. Өткен ғасырдың жетпісінші жыл­дарының бас кезінде түсі­рілген мына суреттегі Жазе­кеңді ортаға алып отыр­ған азаматтар туралы айтсам деймін. Жазекеңмен иықтаса сол жақта отыр­ған Мойынқұм ауда­нын ширек ғасыр­дан аса басқар­ған, осы өңірдің өркен­деп өсуіне өлшеусіз өрнек сал­ған, керемет еңбегімен ел құр­метін иеленген, майдангер Айтбай Назарбеков. Ал енді сол жақ шеттегі Со­вет Ғали­ақпаров кезінде жаңа ауданның қаз тұрып, қадам басуына үлесін қосқан, аудандық кеңес атқару комитетінің төр­ағасы болған. Оң жақтағы Ермек Сауран­баев. Аудан­дық партия коми­­тетінің екінші хатшы­сы қыз­­метінде Ермек ағамыз да шал­­ғайда жатқан Мойынқұмның мойын босат­пайтын шалымды шаруа­сының ілге­рі­леуі үшін іркілмей жұмыс істеген. Кейін­нен Қазақ­стан Ком­пар­тиясы Ор­талық комитетінде жа­уап­ты қыз­мет атқарды, Мерке аупарт­­ко­мының бірінші хатшысы болды. Жоғарыда тұрғандардың сол жақ­та­­ғысы Қаратай Адамбаев. Бұл кісі де жаңа ауданның ша­ңырағын көте­рісіп, уығын шан­шысқан. «Мойынқұм» совхо­зында директор болған, аудан­ның ауыл шаруашылығы басқар­масын байыпты басқарған. Айт­қандай, Қаракең қазақтың белгілі әдебиет зерттеушісі Бал­табай Адамбаевтың туған інісі. Оң жақта тұрған сурет­тегі­­лердің ең жасы, алыстағы аудан­­­ның абыройын арттырған ардақты азаматтың бірі – Шо­тай Тайбағаров. Ол сонау Кеңес өкіме­ті кезінде қойды жедел қырқудан алдына жан салмаған еді. Екі дүркін КСРО-ның чемпионы атанды, сол тұстағы Экономикалық Өзара Көмек Кеңесіне (СЭВ) мүше елдердің абсолютті чемпионы. ...Бүгінде бұл кісілер түгелдей бақи­лық болған. Иә, бәрі де кетеді, бәрі де өтеді... Бірақ, да­на да дара халқымыз анық айт­қандай, «Жақсының аты өлмейді, ға­лымның хаты өлмейді». Мына суретте бейнеленген асыл азамат­тар­дың да артында елінің ерекше есінде, хал­қының жадында жатталып қала­тындай жақсы ізі, жарқын ісі бар! Берікбай ҚАДЫҚОВ, журналист АЛМАТЫ