10 Қаңтар, 2017

«Жанкүйерлерімізді жерге қаратпауға ұмтыламыз»

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
img_8904– дейді керлингші Рамина ЮНИЧЕВА Бұл күндері қазақстандық керлингшілер қысқы Универ­сиадаға дайындықтың қорытын­ды кезеңіне кірісті. Олар өткен жылдың қараша айында Оңтүстік Кореяда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Тынық мұхиты-Азия ойындарында өнер көрсетіп қайтты. Қазақстанда керлинг өте қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып табылады. 1998 жылдан бастап осы спорт түрі Олимпиада бағ­дарламасына енгізілген болатын. Алматының қысқы Универ­сиаданы өткізуге құқық алуы елімізде керлингтің дамуына тағы бір серпін береді. Қазақстан Кер­линг қауымдастығының бас хатшысы Виктор Кимнің айтуынша, қысқы Универсиадаға биік мақсаттарды көздеген жас команда қатыспақшы. – Біз Қазақстанның тоғыз аймағындағы спортшылардан ұлттық құраманы жинадық. Олардың барлығы керлинг десе, ішер асын жерге қоятын, осы спорт түрімен шұғылданғысы келетін қыз-жігіттер. Коман­дамызда қазір 20 адам бар, бар­лығы өнер көрсетуге сақа­дай дайын отыр. Алайда, олар­дың керлингпен айналысып жүргеніне бар-жоғы 1-2 жыл ғана болғанын ескеру қажет. Ал Универсиада кезінде әлемдік деңгейдегі командалар қашанда күшті құраммен қатысады. Универсиада – маңыз­дылығы жағынан Олимпия ойындарынан кейін екінші орында тұрған жарыс. Оған Ресей, Швейцария, Чехия, Германия, Шве­ция, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония секілді елдерден әлем­нің мықты командалары қаты­сады. Әрине, олармен бәсекеге түсу қиын болмақ, алай­да, біз бү­кіл күшімізді саламыз, – деді ол. Қазақстанның керлингтен ұлттық құрама мүшелері осындай ауқым­ды спорт бәсекесінде ел намысын аян­бай қорғауды ниет тұтып отыр. – Универсиадаға дайын­дығымыз қызу жүріп жатыр. Жарыстар жақындаған сайын бәріміз толқып жүрміз, өйт­кені, өз елімізде сайысқа түсу – біз үшін үлкен жауап­кер­шілік. Біздің ойындарымызды жан­күйерлеріміз тамашалай­тындықтан, бар кү­шімізді салып, аянбай ойын көр­сетуіміз қажет, – дейді Қазақ­стан­ның кер­лингтен  әйелдер құра­ма­сының скибі Рамина Юни­чева. Универсиада-2017 аясын­дағы керлинг жарысы «Ал­маты-Аре­на» кешенінің тегіс мұз төсел­ген стадионында өтеді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»