«Kaznex Invest» ұлттық агенттігі ұйымдастырған «Азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін таныстыру» бойынша Қытайда өткен көрмеге павлодарлық «Сағып» шаруа қожалығы, «Ақжар-Өндіріс», «Jet Logistic» компаниясы, «Кэмми», «Крендель» және «Рубиком» фирмалары да өз өнімдерін таныстырып қайтты. Қытай күнтізбесі бойынша 15 қаңтар – 15 ақпан аралығында бір ай жаңажылдық мереке аталып өтіледі. Көрмеге барған біздің еліміздің кәсіпкерлеріне жаңажылдық мейрам кезінде Орта Азиядағы ең үлкен супермаркеттен 500 шаршы метр аумақты жалға алып, бір ай өздері шығаратын өнімдерді сату туралы ұсыныс жасалыпты.
Сөйтіп, «Сағып» шаруа қожалығы қымызының заманауи өркениетті өндірісі өзгелердің де көзіне түсіп, сұраныс өзінен-өзі есік ашты. «Сағыптың» сары қымызына орыстар да, қытайлар да қызығуда. Төлеу апайымыз бие сауып, қымыз ашытумен 12 жыл бойы айналысып келеді. Алғашқы жылдары кәсібін 3 сауын биемен ғана бастаған шаруашылық бүгінде еліміздегі іргелі кәсіпорындардың біріне айналды. Республикалық «Алтын сапа» байқауында жүлдегер атанды. Бұл күндері қожалықтың шетелдік қондырғылары тәулігіне 1 тонна қымызға дейін, ал, аптасына 5 тонна қымыз өндіруге мүмкіндік береді. Елбасы облысқа келген іссапарларының бірінде Төлеудің «Сағып» шаруа қожалығында болды.
Қазір шаруашылықта 400 бие бар, олардың 180-і сауылады. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында несие алып, 2007 жылдан бастап өндірісті дамыта бастады. Мемлекеттің қолдауы – отандық тауар өндірушілерге үлкен демеу. Бұл күндері қымыз өндіру цехтарында 30-ға жуық маман еңбек етуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде жаңа қондырғылар сатып алу үшін 52 миллион теңге бөлініпті. Шаруашылық құрылған күннен бастап-ақ, қымызды ТМД елдері мен Еуропаға экспорттау мақсатында жұмыс бастады. Кәсіпорын тәулігіне 900 литр қымыз өндіреді. Заманауи құрылғы қымызды 0,3, 0,5 және 1 литрлік шыны құтыларға құйып шығарады, қазы-қарта, шұжық, құрт, қоспа, сүзбе, қаймақ жасалады. Өндірісте ата-бабадан мирас болған ежелгі әдіс-тәсілдер де қолданылады. Сондықтан шаруашылық ет пен сүт өнімдерінен жасалатын қазақ тағамдарын ұлттық бренд ретінде ТМД және Еуропа елдері нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Төлеу Құшманованың айтуынша, көрмеден көріп, дәмін алған қытайлық кәсіпкерлер қымыз бен құртты арнайы зертханалық сараптамадан өткізіп, жоғары сапалы өнім деп бағаласа керек. Енді ешбір қоспасыз, таза табиғи өнімге қызыққан қытайлық кәсіпкерлер жаңа жылдық мейрамдарына арнайы тапсырыс беруде. Ол жақтың кәсіпкерлерінің талабы бойынша қымыз 0,3, 0,5 литрлік шыны шөлмекпен, ал, құрт 150 граммдық қораптарға салынып, сатылады.
– Бұған дейін Мәскеуде өткен «Қазақстандық тауарлар мен өнімдер» көрмесінің қорытындысы бойынша Ресей нарығына қымыз сату үшін меморандумға қол қойып, 4 тонна қымыз жібердік. Мәскеуде «Бауырсақ» сауда орнымыз, Астанада да дүкендеріміз бар. Енді қытайлықтарға да құрт пен қымызымыз ұнайды деген үміттеміз, – дейді «Сағып» шаруа қожалығының басшысы Төлеу Құшманова.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25