Семейдегі жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы пайдалануға берілген. Әлеуметтік нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне биыл ғана қосылды. Әу баста осы аурухананы ашқан кезде электр қуаты арқылы жылумен қамтылуы тиіс деген жоба бекітіліп кетіпті. Бірақ бұл тиімсіз болды, бар болғаны екі-үш жыл ішінде жылу ақысы миллиондап өсіп, мемлекет қазынасына орасан зор шығын әкелген. Нақты айтсақ, аурухана бұған дейін жылуға айына шамамен 37-40 млн теңге төлеп келіпті. 2015 жылы облыс басшысы Даниал Ахметов аурухана ұжымы өтініш жасағаннан кейін, бірден осы жағдайды тікелей назарына алып, жылуды орталықтандырылған жүйеге қосу қажеттігін және сол үшін бұрын болмаған жылу құбырларын тартуды ұсынды.
Облыс басшысының тапсырмасынан кейін қысқа мерзімде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, аурухананы жақын маңдағы «5-интернат» қазандығына қосу жұмыстары басталды. Сөйтіп, ұзындығы 2 700 метр жылу желісі тартылып, аурухана орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Биылдан бастап жылу үшін жұмсалатын шығынның көлемі 5-6 есеге азаятын болып отыр.
– Бұрындары ай сайын жылуға 40 млн теңгедей төлеп келдік. Енді биылдан бастап айына 6-7 млн теңге ғана төлейміз деген үмітіміз бар, – деді Жедел медициналық орталық директоры Қайноллан Мусин. – Бұрын барлық қаражатты жылуға беріп қойып, қарап отыратынбыз. Бұл өте тиімсіз болды. Енді үнемделген қаржы науқастарды емдеуге, аурулардың алдын алуға, ауруханаға жаңа технологиялар мен дәрілік препараттар алуға жұмсалатын болды. Ең алдымен, өз атымнан және ұжым атынан осы ушыққан мәселені басты назарына алып, дұрыс шешім жасаған облыс әкімі Даниал Ахметовке алғысымызды айтамыз.
Аурухана 325 орынға арналған. Облыстағы ең ірі емдеу мекемесі қазіргі заманғы медицина талаптарына сай жұмыс істеп тұр. Мұндағы гематологиялық бөлімде қазір 16 адам ем қабылдап жатыр. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғаннан бері аурухана іші бірқалыпты жылы.
– Дәрігерлердің қызмет көрсетуі көңілімізден шығады, – дейді емделуші Тамара Борисовна, – палаталар да жылынып қалды. Осында бір жыл бұрын жылуға көңілім толмаған еді. Ем қабылдап жатырмыз. Бәрі ұнайды. Қызмет сапасы да дұрыс.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25