Соңғы жылдары елорданың климаттық жағдайы күрт өзгеріп, әдеттен тыс суық ауа райымен, бұрқасындармен және қардың қалың түсуімен ерекшеленді. Атап айтқанда, биыл қалада бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар елордада соңғы он жылда жаумаған. 2016 жылғы 13 қазан мен 2017 жылғы 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 млн текше метр қар шығарылған. Ал жалпы жиналған қардың көлемі үш млн текше метрге жуықтады. Өткен жылдардың хронологиясы бойынша бұл көрсеткіштер жиналған қардың көлемінен бірнеше есе артық. Бұрынғы жылдарға жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, 2014 жылы 3,2 млн тонна, 2015 жылы 3,4 млн тонна, ал 2016 жылы 2,9 млн тонна қар шығарылған.
Қазіргі уақытта коммуналдық және жедел қызметтердің барлық күштері қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына бағытталған. Ең алдымен, әлеуметтік маңызды нысандардың аумақтары – мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлік жүретін жолдар тазартылуда. Тұрғын үйлердің аулалары мен орамішілік телімдердің аумағын жергілікті ПИК-тер өз күштерімен тазартады.
Жалпы, механикаландырылған жұмыстарға 2177 арнайы техника, қолмен жинау жұмыстарына 2708 адам тартылды.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25