Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко Достық үйінде этномәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдар басшыларымен кездесті.
Кездесуді жүргізіп отырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды облыстың өткен жылғы экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштерімен таныстырды. Оның айтуынша, негізгі көрсеткіштер толық орындалған, Елбасы назарда ұстап отырған еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы және шәкіртақы төлеуден берешек жоқ. Аумақ басшысы, сондай-ақ, облыстағы 18 этномәдени бірлестіктің өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі белсенді жұмысын атап өтті.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бұлбұл Елеусінова өткен жылы атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Ол өңірде 90-нан астам ұлт тұратынын, этномәдени бірлестіктерде жұмыс істейтін жеті жексенбілік мектепте мемлекеттік және этностардың ана тілдері оқытылатынын, жеті көркемөнерпаздар ұжымының халықтық және біреуінің үлгілі атақтары бар екенін жеткізді.
Кездесуде тарих ғылымдарының докторы Н.Абдоллаев, «Қазақстан корейлері» ассоциациясы облыстық филиалының төрағасы К.Цхай және басқалар сөз сөйлеп, тыныштық пен бірлікті нығайту, жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру туралы ойларын ортаға салды.
Өңір басшысы В.Божконың Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутат екенін тілге тиек ете келіп, астаналық қонаққа сөз кезегін ұсынды. Алдыңғы сөйлегендердің ұсыныс-пікірлерін таразылай ой өрбіткен В.Божко еліміздегі сүттей ұйыған бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы және Елбасы саясаты мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне айрықша тоқталды. Ол әр адаммен жеке жұмыс істеу қажеттігін алға тарта келіп, лаңкестіктің алдын алу үшін діни сауаттылықты қалыптастыру мәселелеріне назар аударды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25