10 Қаңтар, 2017

Азық-түлік бағасы бақылауда болуы тиіс

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ, өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Премьер-Министр Б.Са­ғын­таев уәкілетті мемлекеттік орган­дарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шара­ларды қабылдауды және монополияға қарсы заңды­лық­тың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.