10 Қаңтар, 2017

Алматыдағы аламанға дайындық

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
өзінің шарықтау шегіне келіп жетті Асқақ Алатаудың баурайындағы әсем қала аясында жалау желбіреткелі тұрған XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың сөреден шығар шағына 19 күн қалды. Бүкіләлемдік студенттік ойындар мұнда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында ой­налады. Аламанның бағ­дарламасында мәнерлеп сыр­ғанау, шорт-трек, тау шаң­ғысы, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасында), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру, фрис­тайл секілді 12 спорт түрі бар. Жарыстарға әлемнің 55 елінен 2 мыңға жуық спорт­шы қатысады деп күті­луде. Олар 86 медальдар жиынтығын сарапқа сала­ды. Сонымен қатар, Уни­версиадаға 3 мың ерікті, оның ішінде көптеген шетел­дік еріктілер қызмет көрсе­теді. Жарыс күндері қала­ға 30 мыңнан астам отан­дық және шетелдік турис­тер келетін болады. Универсиаданы өткізуге 127 халықаралық төреші мен 600-ге жуық ұлттық тех­­никалық мамандар қа­тыс­тырылады. Оларды тө­ре­шілер алқасы әрбір спорт түрінің ұлттық және халық­аралық федерациялары бе­кітеді. Жарыстар 8 спорт нысанында өтеді. Олардың ара­сында «Шымбұлақ» тау шаң­ғысы курорты, «Медеу» мұз айдыны, «Сұңқар» ха­лықаралық шаңғы трам­плиндері кешені, Балуан Шо­лақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Ала­тау» шаңғы және биат­лон кешені, «Табаған» спорт­тық ойын-сауық кешені, 12 мың орындық «Ал­маты Арена» және 3 мың орындық «Халық Аре­на» спорт кешендері бар. Осы күндерде көп профиль­ді «Алматы Арена» кеше­ніне 850 мыңнан астам адам келуге тиіс. Бұдан бас­қа, Атлеттер ауылы қатар­ға қосылды. Ол қысқы Уни­вер­сиада тарихындағы бірін­ші осындай нысан болып отыр. Құрылыстардың 60 пайыздан аса бөлігін қазақ­стандық компаниялар жүргізді. Осы кезеңде 1550 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар 30 мыңнан астам жұмыс орындарын тауып берді. Универсиаданың опе­ра­циялық бюджеті 32 мил­­лиард теңгеден 17,9 миллиардқа дейін қысқар­ты­лып, шығын екі есеге жуық азайтылды. Ойын­дарды операциялық дайын­дауға 5 мың қызметкерді қамтыған 200-ден астам компания қатысты. Олар­дың 80 пайызын алма­ты­лықтар құрады. Универсиада күндерінде мұнда 181 жарыс пен соған сәйкес 21 мәдени ша­ра өткізіледі. Жарыстар қауіп­сіздігін қам­та­масыз етуге құқық қорғау органдарының 7 мың қызметкері атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мың­ға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлем­нің 80 еліндегі 1 млрд адам теледидар арқылы тамашалайды.