10 Қаңтар, 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №919 

388 рет
көрсетілді
43 мин
оқу үшін
2016 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын. 3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін. 5. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №77-78-79, 583-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалардың тізбесінде: реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын: « 6. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 – 2021 жылдар ». 6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Паспорт (негізгі параметрлер) Атауы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру Мақсаты Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Міндеттері 1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. 2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу. 3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту. 5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. 6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру Іске асыру мерзімдері 2017 – 2021 жылдар Нысаналы индикаторлары Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: 1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %); 2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %); 3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %); 4) белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті) Қаржыландыру көздері және көлемі 1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат: 2017 – 40 295 647 мың теңге; 2018 – 40 664 637 мың теңге; 2019 – 41 540 291 мың теңге; 2) жалпы сипаттағы трансферттердің есебінен бөлінетін қаражат: 2017 – 45 038 436 мың теңге; 2018 – 45 391 093 мың теңге; 2019 – 45 453 119 мың теңге 2. Кіріспе Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды. Дүниежүзілік Банктің1 деректеріне сәйкес 2000 жылдан бастап мемлекетіміз жан басына шаққанда тұрғындардың табысының 7 пайызға жуық нақты өсуіне қол жеткізіп, әлем экономикасындағы ең тез дамушы 10 елдің тобына кірді. Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін неғұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыз­дардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді. Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының («2009 және 2010 жылдардағы жол карталары») логикалық жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды. Сонымен бірге, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғарылығына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық теңгерімсіздікке қатысты проблемалар шешімін таппай отыр. Еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бо­йынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды. Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған. Осыған байланысты, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған. 2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) «АШҚҚҚ» АҚ – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы; 2) «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені; 3) әскери техникалық мектеп – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарына ведомстволық бағынысты арнайы оқу орындары; 4) кепілгер – «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; 5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитор алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат; 6) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім; 7) оқытудың екі деңгейлік моделі – техникалық және кәсіптік білім берудің кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін оқыту жүйесі; 8) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны; 9) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/«АШҚҚҚ» АҚ; 10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі; 11) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – білім беру қызметтерін ұсына отырып, басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі; 12) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі; 13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган –кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі; 14) микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/ «АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты; 15) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; 16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге микрокредит үшін өтініш берген уақытқа қарай кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер; 17) микрокредит беру ұйымы – «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; 18) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және оның филиалдары; 19) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; 20) қаржылай емес қолдау операторы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы; 21) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) – жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы; 22) субсидиялау жөніндегі оператор – «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы; 23) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім жүйесінің бөлігі; 24) қысқа мерзімді кәсіптік оқу – жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі; 25) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 26) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 27) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 28) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 29) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықты жұмыспен қамту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 30) оқу орны – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы; 31) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым; 32) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жылжымалы оқу орталығы; 33) аудандық (қалалық) комиссия – жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия; 34) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсетуге және жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, мүдделері мен еңбек нарығының қажет­тіліктерін есепке ала отырып біліктілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені; 35) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шартты негізде жұмыс беруші құратын жұмыс орны; 36) әлеуметтік келісімшарт – тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекақы мөлшері мен шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтитын жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылатын Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың арасындағы келісім; 37) кәсіптік ақпараттандыру – қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес еңбек нарығындағы ахуал, игерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі, қайта оқытудан өту, біліктілікті арттыру туралы ақпарат ұсыну; 38) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушы ішкі көшіп-қонушы; 39) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар; 40) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу; 41) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі; 42) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және аста­наның, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 43) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар; 44) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгi­лен­ген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға; 45) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуін талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi; 46) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыс­тар­дың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қаты­суы­мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанын­дағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 47) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме; 48) «Еңбек нарығы» ААЖ – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы мемлекеттік орган­дардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қосқанда жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, есептілік­ке мониторинг жүргізу және қалыптастыру әрі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мақсатында Бағдарлама операто­рының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган­ның, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. 3. Ағымдағы ахуалды талдау Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындар санының 11 %-ға өсуімен бірге жалдамалы жұмыскерлердің де саны 1,5 млн. адамға артты, жұмыс­сыздардың саны 178 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 448 мың адамға төмендеді. Жұмыссыздық (жалпы, жастар арасында, ұзақ мерзімді) деңгейі орта есеппен 47 %-ға қысқарып, бүгінгі таңда экономикалық белсенді тұрғындар санының 4,9 %-ын (445 мың) құрайды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖК 2020) жұмыс істеген уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 5,2 %-дан 2014 – 2015 жылдары 5 %-ға дейін және 2016 жылғы 3-тоқсанда 4,9 %-ға дейін төмендеді. ЖЖК 2020 бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 5,5 %-дан 2014 жылы 4,2%-ға дейін және 2015 жылғы 4,3 %-ға дейін төмендеп, 2016 жылғы 3-тоқсанда ғасыр басынан бастап ең аз 3,9 %-ды құрады. Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де ықпал ететін мынадай жүйелі проблемалар сақталуда: 1) еңбек ресурстары сапасының төмендігі Соңғы 10 жыл ішінде (2006 жылдан бастап 2016 жылғы 3-тоқсанды қосқанда) жоғары және аяқталған жоғары білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 25 %-дан 38,0 %-ға, техникалық және кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 27 %-дан 36 %-ға дейін өсті. Егер 2013 жылы жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 34 %-ды құраса, 2014 – 2015 жылдары оның көрсеткіші 37 %-ға дейін өскен. Сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі соңғы жылдары орташа деңгейде 33 % қалуда (2013 жылы -32 %, 2014 жылы – 34 %, 2015 жылы – 35 %). Бұған Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар септігін тигізді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне Ұлттық біліктілік шеңбері деген ұғымды көздейтін өзгерістер енгізілді, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді. Дегенмен қабылданған шаралар жұмыспен қамтылған тұрғындар құрылымының сапасын түбегейлі өзгерте алмады. Төмендегеніне (48-ден бастап 27 %-ға дейін) қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары күйінде қалып отыр. Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптары түлектерінің қозғалыс серпіні орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз орналасатынын көрсетеді. Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен, жыл сайын жұмыс берушілер тапсырыс берген 20 мыңға жуық бос орынға ешкім орналаспайды. Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73 %-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға және жұмысшы кәсіптерге келетінін көрсетті. Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет; 2) нәтижесіз жұмыспен қамту Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2013 жылы 2,2 млн. адамнан (27 %) 2014 – 2015 жылдары 2,1 млн. адамға (25 %) дейін қысқарды, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны бұл ретте, соңғы үш жылда 40 %-ға – 2013 жылы 558 мың адамнан 2014 жылы 430 адамға дейін және 2015 жылы 331 мың адамға дейін қысқарды. Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де 25 %-ды немесе 2,2 млн. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 360 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады, яғни не олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығы секторына тиесілі және төмен табыс пен өнімділіктен бөлек, кедейлік алдындағы осалдықпен сипатталады, сол арқылы әлеуетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын арттырады. Бұдан басқа, білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қол жетімділікті шектейді. Сондай-ақ негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар жұмыс істейтіндердің 56 %-ы нәтижесіз жұмыс істейтіндерге жатады. Бұған қоса, алдағы 5 жылда 1990 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға байланысты жаңа жұмыскерлердің келуі баяулайтын болады (2014 жылдан бастап төмендеуде). 2021 – 2022 жылдарға қарай жаңа жұмыскерлердің жыл сайынғы келуі 19 мың адамға дейін қысқарады. Осыған байланысты жаңа жұмыс күшінің келуі төмендеген жағдайларда экономикалық өсу үшін толыққанды экономикалық қызметке тартуға мұқтаж өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды резерв ретінде қарастыру керек; 3) өңірлік диспропорциялар және демографиялық теңгерімсіздік Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Ағымдағы үрдістер сақталғанда 2050 жылға қарай солтүстік өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн. адамға өседі. Бұл ретте оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады. Егер 2013 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 млн. 943 мың адамды құраса, 2014 жылы – 2 млн. 945 мың адамды, ал 2015 жылы – 2 млн. 950 мың адамды құрады, яғни еш өзгермеген, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, халықтың саны 132 мың адамға өскен (2013 жылы – 6 млн. 482 мың адам, 2014 жылы – 6 млн. 505 мың адам, 2015 жылы – 6 млн. 614 мың адам). Бұл ретте солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі 20 %-ға жуық, ал оңтүстік өңірлерде 35 %-дан жоғары. Сол себепті жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн; 4) экономикадағы жұмыс орындарын ашудың жеткіліксіздігі; 2010 – 2015 жылдары экономиканың өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты. Соңғы 6 жылдағы жиынтық экономикалық өсудің үштен біріне жуығы сауда есебінен қамтамасыз етілді, тағы 15 %-ын – көлік қызметі, 13 %-ын – ақпарат және байланыс қосты. Тауарлар өндірісі экономика өсімінің тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте оның үлесі жылдан жылға азаюда. Мәселен, 2013 жылы өсімге тауар өндірісінің қосқан үлесі 28,1 %-ды құраса, 2014 жылы ол 17,2 %-ға дейін қысқарған, ал 2015 жылы экономикалық өсімнің бар-жоғы 15,9 %-ын құраған. Сол жылдары сауданың үлесі тиісінше 2013 жылы – 30,6 %-ды, 2014 жылы – 29,2 %-ды және 2015 жылы – 10,6 %-ды құраса, көлік және қоймаға жинау секторы 2013 жылы – 12,9 %-ды, 2014 жылы – 16,7 %-ды және 2015 жылы – 33,9 %-ды құраған, ақпарат және байланыс секторы – 2013 жылы – 12 %-ды, 2014 жылы – 10,9 %-ды және 2015 жылы – 4,6 %-ды құраған. 2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамтудың өсіміне қосқан үлесіне келетін болсақ, жұмыспен қамтудың 28 %-ға өсуін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару тәрізді мемлекеттің қатысуы басым салалар қамтамасыз етті. Мемлекеттік кәсіпорындар құратын жұмыс орындарын есептегенде мемлекеттің жалдамалы жұмыскерлер қатарының өсуіне қосқан жиынтық үлесі 50 %-дан асады. Осылайша, кейінгі жылдары жеке меншік секторы жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарының аз ғана санын құрайды. Әлемнің дамыған елдерінің табысты тәжірибесі микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орын­дарын құру мәселелерін шешуге ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігі мен ауқымын арттыратынын көрсетеді. Сондықтан, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шаралары қызмет көрсету саласын және ауыл­­дағы кооперацияларды кеңейтуді ескере отырып, микрокредит берудің көлемін ұлғайтуды, құрал­дар мен инфра­құрылымдарын, сондай-ақ оқыту арқылы кәсіпкерлік дағдыларды арттыруды қамтитын болады. Еңбек нарығына және іске асырылған іс-қимылдарға жасалған талдау мыналарды айқындайды. 1. Мықты жақтары: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар қызметінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне басымдық; 2) мемлекеттік халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын іске асыруда жаңартылған нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің болуы; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларын іске асыруға қомақты ресурс бөлу; 4) институционалдық базаның, әлеуметтік-еңбек саласы деректерінің және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруда айтарлықтай тәжірибенің болуы; 5) халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен және әлеуметтік әріптестік өкілдерімен ынтымақтастық. 2. Осал жақтары: 1) үлкен аумақта тұратын халық саны салыстырмалы түрде аз болған кезде жергілікті нарық ауқымының төмен болуы; 2) экономикалық өсім қарқынының баяулауы; 3) аумақтық және демографиялық диспропорция; 4) көлік байланысының нашар болуы; 5) кадрларды даярлау жүйесі тиімділігінің салыстырмалы түрде төмендігі. 3. Мүмкіндіктері: 1) экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін мемлекеттік және үкіметтік бағдарла­маларды іске асыру; 2) кадрлар даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек ресурстарының сапасын арттыру; 3) мемлекет пен кәсіпорындардың еңбек ресурстарының қажетті саны мен сапасына қызығушылық танытуы; 4) мемлекеттің, бизнестің, халықтың еңбек нарығындағы ахуал, трендтер мен мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратқа қызығушылық танытуы; 5) халықты жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің әлеуетін пайдалану; 6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды тез дамуы, «электрондық үкімет» және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ілгерілету. 4. Қауіп-қатер. 1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шараларын қаржыландыруды қысқартатын саяси шешімдер қабылдау; 2) елдегі және өңірдегі негізгі әріптес елдердегі экономикалық жағдайдың нашарлауы; 3) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі. Әлемдік саясатта еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді ша­ра­лары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұра­ныс­ты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институт­тарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді. Сондықтан Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал ететін болады. 4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері 4.1. Бағдарламаның мақсаты Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. 4.2. Нысаналы индикаторлар Бағдарламаның 2021 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары: 1) Жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %) 2) Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %) 3) Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %) 4) Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды Р/с № Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2017 2018 2019 2020 2021 1 Жұмыссыздық деңгейі % 4,9 4,9 4,8 4,8 4,8 2 Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі % 25 24 23 22 20 3 Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі % 15 14 13 12 10 4 Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі % 3 5 7 9 10 4.3. Міндеттер Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады: 1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; 2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. 4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады: 1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау; 2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау 1-кесте. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, қарай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды ­даярлау бойынша нәтижелер көрсеткіштері. Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны мың адам 21,3 41 61 65 70 БҒМ, ЖАО 2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 2-кесте. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері. Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны мың адам 26 36 46 50 56 БҒМ, ЖАО 4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады: 1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. 1-міндет. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 3-кесте. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Кәсіпкерлік негіздерін оқудан өткен адамдардың саны мың адам 15 30 30 30 30 ҰКП, ЖАО 2 Бизнестерін ашқан қатысушылардың саны % 20 20 20 20 20 2-міндет. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау 4-кесте. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Ақпарат көзі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Ауылда берілген мик­рокредиттердің саны бірлік ЖАО-лар­­дың есеп­тері 3 300 3 500 3 500 3 700 3 900 АШМ, ЖАО 2 Ауылда берілген кепілдіктердің саны бірлік ЖАО-лар­дың есептері 720 750 760 770 780 АШМ, ЖАО, «ҚазАгро­Кепіл» АҚ 3 Ауылдағы қаржылан­ды­­рыл­ған стартап жобалардың үлесі % ЖАО-лар­дың есептері 20 % 20 % 20 % 20 % 20 % АШМ, ЖАО 5-кесте. Қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Қалада берілген кредиттердің/микрокредиттердің көлемі, оның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты есебінен: республикалық бюджет қаражаты есебінен млн. теңге 10000 7000 3000 10000 7000 3000 15000 12000 3000 15000 12000 3000 15000 12000 3000 ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры 2 Қалада берілген кредиттер/микрокредиттер саны бірлік 2500 2500 3750 3750 3750 ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры 3 Қалалардағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі % 20 % 20 % 20 % 20 % 20 % ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры 4 Қалаларда берілген кепілдіктердің саны бірлік 500 500 750 750 750 ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры 4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады: жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру; жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. 1-міндет. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу 6-кесте. Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Жұмыспен қамту орталықтарына жү­гін­­­гендердің қатарынан тұрақты жұ­мыс орындарына жұмысқа орналас­қан­дардың үлесі % 75 78 83 87 90 ДСӘДМ, ЖАО 2 Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша жүгінгендердің қата­ры­нан оған қатысушылар құрамына енгізілген әйелдердің үлесі % 45 45 45 46 48 ДСӘДМ, ЖАО 3 Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі % 60 65 68 70 75 ДСӘДМ, ЖАО 4 Жастар практикасына қатысушылардың саны мың адам 12,7 13,2 13,6 13,8 14,0 ДСӘДМ, ЖАО 5 Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны мың адам 11,3 11,4 11,5 11,6 11,7 ДСӘДМ, ЖАО 6 Жұмысқа орналасқандардың саны мың адам 60 75 90 130 150 ДСӘДМ, ЖАО 2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру 7-кесте. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны мың отбасы 2,7 2,7 2,7 3 3 ДСӘДМ, ЖАО 2 Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі % 90 92 94 95 90 ДСӘДМ, ЖАО 3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру 8-кесте. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер Р/с № Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар 2017 2018 2019 2020 2021 1 Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген ізденушілердің үлесі % 43 45 50 55 59 ДСӘДМ, «ЕРДО» АҚ 2 Тіркелген ізденушілердің саны мың адам 50 54 61 68 75 ДСӘДМ, «ЕРДО» АҚ 3 Тірк