10 Қаңтар, 2017

Бурабай аудандық сотының төрағасы ауысты

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайдыоблыстық соттың баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мəліметі бойынша, Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Бурабай аудандық сотының төрағасы Абзал Балабековті таныстырды және Ақмола облыстық сотының судьясы Алма Есенееваны құрмет отставкасына кетуімен құттықтады. «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 399 Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Абзал Балабеков Аршалы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Бурабай аудандық сотына төраға қызметіне тағайындалды. Аталған Жарлық бойынша құрмет отставкасына кетуіне байланысты Ақмола облыстық сотының судьясы  Алма Есенеева атқаратын қызметінен босатылды. Облыстық сот төрағасы судьяны құрмет отставкасына шығарып сала отырып, сот жүйесінде көп жылғы жемісті еңбегіне алғысын білдіріп, мықты денсаулық, отставкада белсенді өмір мен табыс тіледі. Жаңа тағайындалған төрағаға жұмысына табыс тілеп, сот төрелігін атқаруда жоғары көрсеткіштерге жетуіне тілек білдірді»,  - деп көрсетілген хабарламада.