10 Қаңтар, 2017

Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар болды

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар өтті, деп хабарланды ведомоствоның сайтында. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен: әділет подполковнигі Есжан Әріпұлы Сыбанбаев Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды; Қызылорда гарнизонының әскери прокурорлығына Талдықорған гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметін атқарған әділет майоры Қасен Жүсіпұлы Рахматулин тағайындалды; Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры қызметіне, алдын Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметінде болған әділет подполковнигі Тимур Жиенғалиұлы Аңдамасов тағайындалды; әділет подполовнигі Нұрлан Сапарбекұлы Алпысов Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Бас әскери прокурордың қарамағына енгізілді.