Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ пен ЕО елдері бастаған әлемнің 80 елінің азаматтарына елде бес күн бойы визасыз жүруге мүмкіндік беретін Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BBC.
"Шетелдік азаматтардың кіріп-шығуының визасыз тәртібін құру туралы" қаулы бір айдан кейін өз күшіне енеді, деп жазылған ел президентінің ресми сайтында.
Аталған жеңілдікті Минск халықаралық әуежайы арқылы кірген азаматтар қолдана алады. Визасыз жүру мерзімі аталған елдің азаматтары үшін бес күн.
Лукашенконың ресми сайтының жазуынша, аталған жаңалық елге шетелдік туристер мен кәсіпкерлерді тартуға септігін тигізбек.
Хабарламада айтылғандай, аталған жеңілдік Минск арқылы Мәскеуге ұшатындарға қатысты емес. Сонымен қатар ресейлік қалалардан ұшып келген азаматтар қысқамерзімді визасыз режимді пайдалана алады.