11 Қаңтар, 2017

Шахандықтарға қолұшын созды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысындағы Шахан поселкесінде орын алған апат бүкіл қаз­ақ­­стандықтардың қа­быр­ға­сын­ қайыстырды. Қара жамылған отандастарға қолұшын беруді қостанайлық мемлекеттік қызметкерлер парыз деп біліпті. Шахандықтарға көмек үшін ұйымдастырылған акцияға жергілікті атқару ор­гандарының – барлық дең­гейдегі әкімдік, облыстық бас­қармалар мен  ведомстволық ме­кемелер қызметкерлері бел­­­сенді атсалысты. Сөйтіп, «Шах­тинск қаласындағы Шахан по­селкесінде қалыптасқан тө­тен­­ше жағдайдан зардап шеккен­дерге көмек қоры» қорына 11 миллион теңге аударылды. Зардабы ауыр мұндай оқи­ға­лардың сабағы болуы керек. Сол үшін де облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі барлық жылу көздеріне мұқият тексеру жүргізуді тапсырды. – Күзде жылу берер алдында жылу қазандықтарының бар­лы­ғы да тексерістен өткізіл­ген, бірақ  тұрғындар қауіпсіздігі үшін  қосымша шаралар жүргізіп отыр­ғанның артықтығы жоқ, – деді А.Мұхамбетов. Энергетика және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғы бас­қармасы мамандарының айту­ынша, жақын күндері об­лыстағы жылу желілеріне, тұр­ғын үйлердегі, әлеумет­тік ны­­сандардағы қазандықтарға жүр­гізілген тексерістер аяқталады. Бай­қалған кем-кетіктер жөн­дел­мек. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ