11 Қаңтар, 2017

6,9 миллиард тең­генiң бу қазандығы салынуда

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Есіл ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6,9 миллиард тең­генiң бу қазандығы салынуда. Бұл өңірдегі ең ірі әрі тұрғындар сұра­нысындағы аса қажет жоба саналады. Мердiгер компания – «Щу­чье қа­зандық-меха­ни­калық ­зауыты» ЖШС бас директоры Марат Ах­метов­тің айтуынша, нысанда бүгiн­де гео­дезиялық жұмыстар то­лық аяқтал­ған, аумақ қорша­лып, вахта­лық қа­ла­шық жұ­мыс істеп тұр. Сон­дай-ақ, бола­­шақ қазандықтың iр­ге­тасы қа­ланып, қабырғалары көтерілген. – Жобаның жалпы құны 6,9 миллиард теңгенi құрайды. Бу қазандығын салу аудандағы барлық жеке үй секторын, мемлекеттiк мекемелер мен жеке кәсiпорындарды жылумен үздiксiз қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ, бұл жобаны жү­зеге асыру қаланың экологиялық жағ­дайын барынша жақсартатыны белгілі. Өйткенi, осы нысанды пай­далануға беру нәтижесінде 10 ұсақ бу қазандығы өз жұ­мыстарын тоқ­татады. Қазан­дық жұмыс жоспарында көрсе­тілген мерзiмде, яғни 2018 жыл­д­ың қыркүйек айында толық қуатында іске қосылады, – дейді Марат Нұрсейітұлы. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы