11 Қаңтар, 2017

Нидерланд пойыздары желден қуат алатын болады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нидерландтың барлық темір жол құрамы жел электр стансаларының қуат көзіне ауысты. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады. Голландиялық пойыздардың жел электріне ауысуы - еуропалық мемлекет үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы оқиға болды. Нидерланд - пойыздарды жел электр стансалары өндіретін қуатпен жүргізу технологиясын енгізген алғашқы ел. Пойыз 200 шақырым жол жүруі үшін генератор бір сағат қана жұмыс істесе болғаны.